Инклюзивті білім беру моделі
- 1 view
03.06.2024-13.06.2024 күндер аралығында Түркістан каласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан "Инклюзивті білім беру моделі" такырыбында 72 сағаттық оқыту курсы ұйымдастырылған болатын. Осы курсқа Ж.А. Ташенев университетінің «Бастауыш білім және өнер» факультетінің оқытушылары қатысты.
Оқыту курсында инклюзивті білім беруге байланысты өзекті мәселелер көтерілді. Курсты Каподистрия атындағы Афина университетінің PhD докторы, постдокторант-зерттеуші Валия Калайци және арнайы білім беру саласында PhD Йоргос Гкогкос өткізді. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі өте құнды тақырыптар қарастырылды, атап айтқанда инклюзияның негізгі алғышарттары мен принциптері, кедергілерді жою, тең құқықты қамтамасыз ету, саралап оқыту, әмбебеп оқыту дизайны және т.б.. Курсқа ЖОО оқытушыларымен бірге мектеп мұғалімдері де қатысты. Өте маңызды тақырып болғаннан кейін қызу пікір-талас, дискуссия, пікір алмасу, түрлі жобаларды қорғау күнделікті орын алды. Біз үшін жаңа тақырыптарды да меңгердік. Курс аяқталған күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері келіп, бізді құттықтап, инклюзия саласындағы өз ойларымен бөлісті. Жобаларымызды сәтті қорғап, сертификаттарымызды қолға алдық. Аса маңызды инклюзия саласында біліктілігімізді арттыру біз үшін өте маңызды еді, тілегіміз жүзеге асырылды. Университет басшылығына алғысымыз шексіз!
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет