Жақын шетелдік студенттермен онлайн кездесу

«ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ» ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ОҚИТЫН ЖАҚЫН ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРМЕН ОНЛАЙН- КЕЗДЕСУ

Ұйымдастырушы «Педагогика және психология» кафедрасы.
 

«Филология және гуманитарлық білім беру» факультеті бес кафедрада он білім беру бағдарламасымен жұмыс істейді, деканы, т.ғ.к.доцент Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы. Біздің факультетімізде 218 білім алып жатқан жақын шетелдік студенттеріміз 1-курста оқиды. 
Онлайн-семинарымыздың мақсаты шетелдік білім алушылардың білім-ғылымға қызығушылығын арттыра отырып, өзара бірін-бірі түсіну мен қолдау көрсету барысының тиімді жолдарын көрсету, ортаға бейімделудің нәтижелілігімен бөлісу және болашақ талапкерлергеге насихат жүргізу мен кәсіби бағдар беру. 

Онлайн-семинардың міндеттері:
- Шетелдік студенттердің білімге қызығушылығын арттыру; 
- Студенттердің ғылымға деген көзқарасын жақсарту;
- Топтағы студенттердің өзара қарым-қатынасын жақсарту;
- Ортаға бейімделудің нәтижелі жолдарымен танысу;
- Топтағы студенттердің белсенді жұмыс жасауға, бір-біріне көмектесуге бағыт беру.
- Қиыншылықты жеңуге ынталандыру.
-БББ болашақ талапкерге насихаттау мен кәсіби бағдар беру.
«Білім ордасы – бақыт мекені» онлайн-семинарда «Филология және гуманитарлық білім беру» факультеті деканы, т.ғ.к.доцент Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы, факультетімізде бакалавриат бойынша 7 білім беру бағдарламаларымен толық таныстырып өтті
1. 6В01101-«Педагогика және психология»
2. 6В01201-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
3. 6В01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
4. 6В01601-«Тарих мұғалімдерін даярлау»
5. 6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»
6. 6В01702-«Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»
7. 6В01703-«Шет тілі: екі шет тілі мұғалімдерін даярлау» 
Магистратура бойынша:
1. 7М01101-«Педагогика және психология»
2. 7М01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
3. 7М01601-«Тарих педагогтарын даярлау»
4. 7М01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау»
5. 7М01702-«Шет тілі: екі шет тілі педагогтарын даярлау білім беру бағдарламалары жайлы таныстырып өтті 
 «Сырдария» университеті – еліміздің оңтүстік қиырындағы шалғай аудан жастарын жоғары білім алуға тарту, оларды рухани бай, парасатты, білікті мамандар етіп тәрбиелеу арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатымен ашылған білім ордасымен таныстыру мақсатында, «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Орманова Зауре Құрбанбайқызы, «Шетел тілдері» кафедрасының БББ таныстырған ғылым магистр Исламова Махаббат Исламовна, «Педагогика және психология» БББ таныстыру үшін «Педагогика және психология» кафедрасының PhD Докторы Атабекова Бақтыгүл Ботабековна, «Болашаққа жоспар» баяндамасымен «Педагогика және психология» БББ 1-курс студенті, Абдуганиева Чароз, Өзбекстан, «Білім - бұл білім, білік және дағдыларды беру процесі» баяндамасымен «Педагогика және психология» БББ 1-курс студенті, Еучкарова Мадина, Өзбекстан,« Mavzu: TA’LIM-baxtning makoni» баяндамасымен «Педагогика және психология» БББ 1-курс студенті, Гауимова Гулмира, «Образование -место счастье» баяндамасымен «Педагогика және психология» БББ 1-курс студенті, Ахметова Шодиена, «ta‘lim - baxtning makoni» баяндамасымен «Педагогика және психология» БББ 1-курс студенті, Усманова Фатима, ал қалған шетелдік студенттер «Сырдария» университеті жайлы өз ойларын, рахметтерін айтып, қуаныштарымен бөлісті.
 

Теги:

Оқиға категориялары