Ынтымақтастық меморандумы түзілді

Университет ректоры Қанат Байболов пен Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 
Ж. Ташенев атындағы университет бұдан былай Шымкент қаласындағы жалпы білім беру мекемелеріне педогогикалық кадрларды даярлап береді. Одан бөлек, жоғары оқу орнының студенттері жалпы білім беру орындарында мектеп оқушыларымен оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жүргізу және ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар, тренингтер, семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, кәсіби бағдар беру және арнайы жоба ұйымдастыра алады. 
Сонымен қатар, жастар арасында кәсіптік бағдарлык, тәрбиелік іс-шараларды, олимпиадаларды, ғылыми жобалар мен байқауларды, спорттық сайыстар ұйымдастыруды жүзеге асырады. Ал университетте оқытушы-профессорлар құрамының жетекшілігімен мектепке дейінгі ұйым педогогтарының бліктілігін арттыру курсын ұйымдастыру шаралары да қаралады. 
Жалпы, екіжақты өзара келісімнің Шымкент қаласындағы педогог кадрлардың сапалы, жоғары деңгейлі болуына тигізер септігі мол болмақ.
 

Оқиға категориялары