Халықаралық конкурс

2024 жылдың 6-шы ақпан күні "Экономика және құқық" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Ресей Федерациясы, Уфа қаласындағы «Хабаршы-ғылым» ғылыми-білім беру орталығында өткен халықаралық конкурсқа қатысты. 
Байқауға 2,3 курс студенттері  6В04101 «Есеп және аудит», 6В04102 «Қаржы», 6В04103 «Экономика», 6В04104 – «T менеджмент» білім беру бағдарламаларының - Битас Әсел, Аширбек Қасиет, Мацукова Дарья, Сайдикрамов Закир - ғылыми жетекшілер магистр, аға оқытушылар - З. А. Абдурахманова, Г. Ж. Жасан, сонымен қатар студенттер Тентиев Диас, Стрельникова Марина, Жайлибаева Надира - ғылыми жетекшілер магистр, аға оқытушылар - Аширбаева С. Б., Сапарбаева Э. А., студенттер 6В04201 – "Құқықтану", 6В04202- «Бизнес және құқық», 6В04203 «Баскарушылық және шаруашылық қызметі» - Әбдімомын Жаннұр, Әбдез Ғани, Баймаханов Бекзат, Дүкенбай Анель – ғылыми жетекшісі К. М. Үйсынбаева - конкурсқа қатысқаны үшін студенттеріміз ІІ-дәрежелі дипломдар алды.
Халықаралық байқауға экономика ғылымдарының кандидаттары, аға оқытушылар - Туралина С. М., Бакиров Е. А., Демесинова А. А., Темирова Ж., магистр, аға оқытушылар - К. М. Үйсынбаева, З. А., Абдурахманова,  С.Б. Аширбаева, Э. А. Сапарбаева  М.Т. Сатыбалдиева, А. Еркебекова, Г.Ж.Жасан.
Студенттер мен оқытушылардың конкурстарға, семинарларға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысуы өзін-өзі дамытуға және шығармашылық ізденіске серпін береді, жас зерттеушілердің өзін-өзі жүзеге асыруы, кәсіби және шығармашылық дамуы үшін жағдай жасайды, ғылым мен танымға шынайы қызығушылық тудыратын цифрлық трансформация жағдайында дарынды жастарды анықтау және қолдау, студенттердің оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын дамытады, сондай-ақ бұл кәсіби дайындықта жоғары нәтижелер береді, сонымен қатар оқытушылардың жеке және кәсіби өсуін білдіреді.
«Экономика және құқық» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы оқытушылар мен студенттерді шын жүректен құттықтаймыз!