Елбасы Жолдауы – 2018

Қазақстан Республикасының президенті  Нұрсұлтан Назарбаев  5 қазанда Ақордада Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады. "Сырдария" университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы Жолдауын тыңдады. Жыл ішіндегі екінші Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.

Мемлекет басшысы ауылдардың әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында "Ауыл – Ел бісігі" жобасын жариялап, 2019 жылды Жастарға арнады. Ел ішіндегі әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелердің түйінін шешудегі бірқатар тапсырмаларды тиісті органдарға міндеттеді.

Екі сағатқа жуық жолданған Елбасы міндеттемелері профессор-оқытушылар мен студенттер үшін маңызды болды.

Теги: