Қадрлык саясаты
- 1 view
"Сырдария" университетінің кадрлык саясаты университеттін басшылығымен әзірленеді. Кадрлармен жұмыс iстey негіздерін, және оларға койылатын талаптарды анықтайды.
Кадрлық саясат персоналмен қамтамасыз ету саласындағы мақсаттарды, міндеттерді принциптерді және оларды іске асыру әдістерін анықтайды. Университеттің кадрлық саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР заңдарын, соның ішінде еңбек заңнамасының нормаларын мүлтіксіз сақтау қағидаттарында университеттің қолданыстағы нормативтік-құқықтық базасы негізінде құрылады.
Кадрлық қамтамасыз ету жүйесі кадр саясатын қамтамасыз ететін, және оның іске асырылуын бақылайтын құрылымдық бөлімшелерден, сондай-ақ университет үшін жоғары білікті кадрларды даярлау, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамымен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар жиынтығын қамтиды.
Университеттің кадрлық саясаты құрылымдық бөлімшелермен университеттің әрбір басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
Кадр саясатының принциптері:
университеттің миссиясы мен мақсаттарына кадрлық қамтамасыз ету бойынша қызметтің сәйкестігі;
университет қызметкерлерінің еңбек және кәсіби әлеуетін дамыту және жүзеге асыру мүмкіндіктерінің теңдігі;
Конституциялық, еңбек және әлеуметтік заңнама нормаларын сақтау;
кадрлық саясаттың университет қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталуы;
жоғары деңгейдегі талаптар және кадрларды бағалаудағы объективтілік;
университеттің кадр резерві мен кадрларды даярлау процесінің үздіксіздігі және жүйелілігі;
университет кадрларының сабақтастығы мен жаңартылуы.
Университеттің кадрлық саясатының міндеттері университеттің ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларының сапалық құрамын жетілдіру жүйсін жаңарту, дамыту. Жоғары кәсіби деңгейі бар университеттің кадрлық құрамын қалыптастыру, дамыту болып табылады.
"Сырдария" университетінің кадр бөлімінің маманы Әбдіжаппарова С.Ә.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет