Ташенев университеті шетелдіктермен байланысты нығайтты

Университетімізде «Толеранттық педагогикалық құзіреттіліктің құрамдас бөлігі ретінде» тақырыбында ғылыми конференция өтті.
Конференцияға Анкара қаласындағы Гази университетінің проректоры, профессор, PhD докторы, Южель Гелишли, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Тоқсанбаева бастаған осынау оқу орнының бірқатар оқытушы-профессорлары және еліміздің өзге де жоғары оқу орындарының ғалымдары жиналды. 
Алғашқы сөзді алған университет ректоры доцент Қанат Байболов оқу орнының болашағын, бүгінгі оқу үдерістері, шетелмен өзара байланыс туралы сөз қозғады. Ал, Гази университетінің проректоры, профессор, PhD докторы Южель Гелишли екі ел арасындағы бірлікті күшейту мақсатында Қазақстандағы бірқатар жоғарғы оқу орындарымен байланыс орнатып, дәріс оқитынын айтып өтті. Түркі мемлекеттерінің достастығы төңірегінде сөз қозғады. 
Конференцияда бұдан өзге шетелдік және отандық оқу орындарымен іскерлік байланыс орнату, қосдипломды білім беру, кәсіби біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу жайы әңгіме болды. Сонымен қатар професор Нұргүл Тоқсанбаева «Қазіргі Қазақстан психологиясының даму тарихы» тақырыбындағы баяндамасында еліміздегі психология саласының тарихы мен болашағына талдау жасады. 
Айта кетейік, Tashenev University келешекте педогогика және психология мен басқа да бірқатар білім бағдарламары бойынша докторантура ашуды жоспарлап отырған жоғарғы оқу орны. Осы бағытта шетелдік және отандық рейтингісі жоғары оқу орындарымен ғылыми-зерттеушілік байланыстар орнатуды, академиялық ұтқырлық және қосдипломды білім беру бағдарламаларын ашу мақсатында бүгінге дейін бірнеше шетелдік университеттермен келісім жасаған. Бұл жұмыстар одан әрі де жалғасын тауып, университет қанатын кеңгей жаймақ.