Ашық практикалық сабақ

04.04.2024ж., сағат 10:30, 315 дәріс аудиториясында «Экономика және құқық» кафедрасының магистр оқытушысы Жасан Г.Ж. «Кәсіпорын экономикасы» пәнінен, «Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік стратегиясын қалыптастыру» тақырыбында ашық практикалық сабағын өткізді. Сабаққа білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің маманы Сатыбалдиева М.Т., «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі Бакиров Е.А. және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Дәріс алдын-ала дайындалған мультимедиялық көрнекі құралдарды қолдану негізінде жүзеге асырылды. Практикалық ашық сабақтың әрбір сұрағын ашуда оқытушы көрнекілік принципін негізге алып, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыра білді. Ашық практикалық сабақты сергіті сәтімен бастап, білім алушы студенттердің қызығушылығын арттырды. Тақырыпты ашу барысында студенттер бейнебаян бойынша тақырыпты нақты ұғынып, берілген сұрақтарға жауап берді; берілген ситуациялық тапсырмаларға жауап берді, тақырыпты оқытушы аша білді. Сондай-ақ оқытушы тақырыпты қорытындылау барысында тақырып бойынша educaplay қосымшасы құрастырылған ойынды интернет арқылы ойнатты. Сабақ барысында жасанды интеллект технологиясын қолданды. Оқытушы мен білім алушылар арасындағы кері байланыс практикалық сабақ барысындағы сұрақ-жауап, пікірталас , сабаққа деген қызығушылық барысынан көрінді.