Педагог мәртебесі тақырыбында дөңгелек үстел өтті
- 1 view
Бүгінгі таңда тақырыптан түспей келе жатқан мәселелердің бірі ол - педагог мәртебесі.
Педагог мәртебесі елдің, ұлттың, мемлекеттің, болашақ ұрпақтың мәртебесі екендігін дүйім жұрт сезінбейінше, елдегі білім сапасының көтерілуі, бәсекеге төтеп бере алатын деңгейге шығуы қиын іс!
Осы салмақты саралай отырып "Білім беру технологиялары" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Нұржан Сапарханұлы "Педагогика және тәрбие жұмыстарының әдістемесі" пәнінен "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламасының студенттерімен бірлесе "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" орай "Педагог мәртебесі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел сан алуан ойлардың өрнегінде өрбіді. Қоғамдағы педагог мәртебесі төңірегіндегі ойлар мен қарама-қайшы пікірлер ашық ортаға салынды. Шарада педагог мәртебесі жайындағы арнайы бейне ролик көрсетіліп, студенттер өз ойларын білдірді. Қатысушы студенттерге түрлі бағыттағы педагогикалық жағдаяттар беріліп, тапқырлығы да сынға түсті. Сондай ақ, ұстаздар жайлы жазылған ақындардың поэзиялық шығармалары да оқылды.
Мәртебелі педагог болу үшін болашақ маман қандай қасиеттер мен білім-білікке ие болу керек? деген сұрақ аясында да болашақ мамандар түрлі идеяларымен бөлісті.
Дш-50 тобының студенті Аюмова Еркінай "Педагог мәртебесі туралы" заңды егжей-тегжейлі түсіндіріп, заңдағы педагогтердің мақсат міндеттері, жауапкершіліктері мен құқықтары таныстырылды.
Шара соңында болашақ педагогтар алдағы педагогикалық өмірлерінде ортаға салынған ойларды кәсіби өміріне тұрыр ету қажеттігін түсінді.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет