Біздің студенттер жеңімпаз!

Жуырда Өзбекстан Республикасы Жоғары және орта арнайы білім министрлігі мен Әлишер Навои атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің ұйымдастыруымен Жоғары білім мекемелерінің шетелдік өзге ұлт студенттері арасында Халықаралық өзбек тілі мен әдебиетінің онлайн пән олипиадасы өтті.
Сурет бойынша эссе жазу және ауызша әңгімелесу сынды 2 кезеңнен тұратын тапсырмаларда бақ сынаған қатысушылардың білімін өзбек тілі мен әдебиетінің мамандары болып табылатын шетелдік және өзбек ғалымдары бағалады. Өте тартысты және қызықты өткен сайысқа студенттер ықыласпен қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Университетіміздің Педагогика және филология факультеті Филология кафедрасының «Шетел тілі:екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Мардона Махсатова мен Айгул Аманова жүлделі І-ші, Зулайхо Собирова ІІ-ші, командалық есепте Қазақстан құрамасы 3-орынды иеленді. Олардың тәлімгерлері ұстаз Шахло Наралиева.
Жеңімпаздарымызға қызықты студенттік өмір мен жарқын болашақ тілейміз!