"Экономика және құқық" факультеті
- 1 view

Наурызбекова Альмара Еркиновна
"Экономика және құқық" факультетінің деканы
экономика ғылымдарының кандидаты
✆ Телефон: +7 778 882 44 99
✉ E-mail: f-it-econ@tashenev.edu.kz
Факультеттің құрамында 2 кафедра бар:
- Факультет туралы
-
2022 жылы “Сырдария университеті” Жетісай қаласынан Шымкент қаласына көшіп, “Ж.А. Тәшенев атындағы университеті” болып қайта құрылған кейін “IT, экономика және құқық” факультеті құрылды. Факультетті физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Бесбаев Г.А., және ғылым магистрі Оразов Б.Д. басқарды. 2024 жылы факультет “Экономика және құқық” факультеті болып өзгертілді. 2024 жылдың наурыз айынан бастап факультет деканы экономика ғылымдарының кандидаты Наурызбекова А.Е. басқарып келеді. Қазіргі таңда факультет құрамында “Экономика және басқару” және «Кұқық және бизнес» кафедралары бар. Факультетте 35 штаттық оқытушы және 8 штаттан тыс оқытушы жұмыс істейді. Соның ішінде 5 - ғылым докторы, 18 - ғылым кандидаты, 4 - PhD докторы, 15 - ғылым магистрі, 1 - аға оқытушы.
Факультеттегі оқу процесі жаңа білім беру жүйесі бойынша кредиттік технологияға негізделіп жүргізіледі. Факультеттің материалдық-техникалық базасы мен мамандардың әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келеді.
Факультеттің күндізгі бөлімінде барлығы - 2983 студент, 1 курс - 891, 2 курс - 749, 3 курс - 424, 4 курс - 919 студент оқиды. Студенттер арасында 25 - “Тәшенев тартуы” білім грантының иегері бар.
Факультетте білім алып жатқан студенттің заманауи маман болып қалыптасуына университетте барлық жағдай жасалған. Барлық кабинеттер соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар және техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда оқытушылардың жетекшілігімен студенттер ғылыми жаңалықтарды өндірістік негізде енгізу жолдарын қарастырады. Факультеттің қарамағында оқу дәрісханалар, заманауи жабдықтармен, аспаптармен және демонстрациялық материалдармен, техникалық оқу құралдарымен жабдықталған зертханалар бар.
Факультет студенттеріне оқу ғимаратында орналасқан компьютерлік сыныптарға тегін кіруге мүмкіндік бар. Компьютерлік сыныптар заманауи компьютерлік техникамен, оның ішінде мультимедиялық проекторлармен, интерактивті тақталармен және жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталған, бұл мүмкіндік студенттер мен оқытушылардың білім беру ресурстарына, оның ішінде республикалық кітапханаға, университеттер қауымдастығы (www.rmebrk.kz), сондай-ақ Thomson Routers және Oxford University Press халықаралық кітапханаларына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
- Білім беру бағдарламалар
-
Білім беру бағдарламаларының тізімі
Бакалавриат:
1. 6B04101 - "Есеп және аудит"
2. 6B04102 - "Қаржы"
3. 6В04103 - "Экономика"
4. 6В04104 - "It менеджмент"
5. 6В04105 - "Мемлекеттік және жергілікті басқару"
6. 6В04106 - " Іскерлік әкімшілік"(ағылшын тілінде) / ► Презентация
5. 6В04201 - "Құқықтану"
5. 6В04202 - "Бизнес және құқық"
6. 6B04203 - "Басқарушылық және шаруашылық қызметті құқықтық реттеу"
Магистратура:
1. 7М04101 - "Экономика"
2. 7М04102 - "Мемлекеттік және жергілікті басқару"
- Ғылыми-зерттеу жұмысы
-
Факультет оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Мәселен, ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Студенттер үшін «Фемида», «Жас экономист», «Web Bagdarlamalau», «Java Platform» арнайы клубтары ашық, оларда қосымша теориялық, практикалық және зертханалық сабақтар өткізіледі.
Факультеттегі оқу процесі мына негіздер бойынша ұйымдастырылады:
• жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік стандарттары;
• оқыту бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары;
• оқытылатын пәндер бойынша типтік оқу жоспарлары;
• жұмыс оқу жоспарлары.
Осы нормативтік құжаттар негізінде оқытылатын пәндердің силлабустары құрастырылған. Барлық оқытылатын пәндер, дәрістер, практикалық, зертханалық және семинар сабақтары оқу-әдістемелік құжаттармен толық қамтамасыз етілген: пәннің силлабустары, семинар сабақтарының тақырыптық жоспарлары; зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар мен оқу құралдары; курстық жұмыстың тақырыптары; оқу және практикалық оқыту бағдарламалары; пәндердің сынақ және бақылау сұрақтары және оқу процесіне қажетті басқа да материалдар.
Әлеуметтік шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Оқиға категориялары
Жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
✅ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет