Аманов Нуржигит

"Сырдария" университеті - бүгінгі таңда болашақ жас мамандарға сапалы білім беретін оқу орны. Осындай университеттің жабылуы мүмкін емес. Неге десеңіздер? Шалғайда орналасқан аудан болғандықтан, көптеген отбасылар балаларын қалаға оқытуға әлеуметтік жағдайы келе бермейді. 
Ал "Сырдария" университеті осындай отбасы балаларының "жоғары оқу орнында оқысам" деген арманына қанат бітірген оқу орны.

Неге бұлай айтып жатыр десеңіздер? Мен өзім де отбасымыздың жағдайына байланысты 2008-2012 жылдары "Сырдария" университетін бітірдім.
Сол жерден алған сапалы білімнің арқасында бүгінгі таңда Алматы қаласында жемісті еңбек етіп келемін.

Мұғалімдер арасында өткен республикалық байқаулардың жеңімпазы болдым. Астана қаласының "Үздік мұғалімі - 2015", Алматы қаласының "Үздік педагог - 2020" ІІІ орын иелендім. Осындай байқаулардан жеңімпаз болу білікті ұстаздардың арқасы деп білемін. 
Барлық студенттерге айтарым адам баласы қай жерде, қандай оқу орнында оқымасын бойындағы талабын шыңдай білу керек. 
Сонда ғана көздеген мақсатына жетпек. Мұрат ағай басқарып отырған "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасына үлкен алғыс білдіремін.
 

Бітіру жылы