Инновациялық ғылыми-зерттеу, кәсіптік практика және қашықтықтан оқыту орталығы
- 1 view
Елшібаев Сәрсенбек Күлішұлы
Инновациялық ғылыми-зерттеу, кәсіптік практика және қашықтықтан оқыту орталығының басшысы
☎ Жұмыс телефоны: 8(72534)6-27-69
✆ Ұялы телефон: +7 778 188 15 97
✉ E-mail: innovative@sirdariya.kz
Орталығы туралы видео: https://youtu.be/oF9bOCzmU_k
Университет студенттерінің тәжірибе алаңы (Жылыжай): https://youtu.be/IalSgGMO8fY
? Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру
- Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының жылдық есебі
-
Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының жылдық есебі және 2021 жылға арналған міндеттері
Инновациялық зерттеу орталығының 2021 жылға арналған ғылыми зерттеу жұмысының жоспары - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
Орталық туралы
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінде жаңа талаптарға сай көптеген өзгертулер енгізіліп жатыр. Соның ішінде білім беруді ғылыми-зерттеу жұмыстармен ұштастыра жүргізу қолға алынып отыр. Осының дәлелі ретінде 2010 жылы тамыз айында «Сырдария» университетінің «Химия және биология» факультетінің оқу ғимаратының жаныңда «Инновациялық зерттеу орталығы» ашылды. Қазіргі күнде «Инновациялық ғылыми-зерттеу, кәсіптік практика және қашықтықтан оқыту орталығы» Eлшібаев Сәрсенбек Күлішұлы басқаруда. Орталық университеттің оқу-ғылыми құрылымдық бөлімі болып саналады.
Орталығында студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және зертханалық жұмыстарын жүргізулеріне арналған 4 арнайы лабораториялық кабинеттер бар. Олар: «Органикалық және ЖМҚ химиясы» лабораториясы, «Зоология және адам анатомиясы мен физиологиясы» лабораториясы, «Бейорганикалық және аналитикалық химия» лабораториясы және «Физика» лабораториясы. Бұл кабинеттер соңғы үлгідегі қондырғылармен және техникалық оқу-құралдарымен жабдықталған.
Атап айтқанда, соңғы үлгідегі модель 6300 (6320D) JENWAY спектрофотометрі, Consort NV рН метрі, PALETTE сандық (цифровые) рефрактометрі, ТС-1/80 СПУ термостат, серия YA-ZD электрлік дистилляторы, модель ВL электрондық таразылары, ауа сорғыш шкаф, оМо-С11 микроскоп және т.б. көптеген құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жыл сайын реактивтер мен сұйықтықтар, қышқылдар жаңартылып отырады. Зерттеу орталығында ғылыми іздену жұмыстары жүргізіледі. Биология саласы бойынша б.ғ.к., доцент С.Келдібеков «Мақтарал өңірінің флора, фаунасы және ауыл шаруашылық өсімдіктерін агробиологиялық зерттеу» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді.
Осы аталған тақырыпты негізге ала отырып іздену жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде. С.Келдібеков «Сырдария өзені мен Шардара су қоймасы аумағындағы жабайы өсімдіктерді жүйелендіру және оларды ағын суларды тазартуда биологиялық әдістерді пайдалану» атты іздену жұмыстарының жолдарын зерттеуде. Жинаған материалдарына талдау жасау жұмыстарын осы орталықта жүргізеді. «Оңтүстік Қазақстанда мақта дақылдарын зиянкестерден қорғауда биологиялық әдістерді пайдалану» атты ғылыми-зерттеу жұмыстары доцент Р.Қошқаров жетекшілігімен өз деңгейінде атқарылып келеді. Химия саласы бойынша х.ғ.к.,доцент Ч.Ибраимов жетекшілігімен «Органикалық оксиазореагенттердің және олармен комплекстерінің ерітіндідегі жағдайларын спектрофотометриялық және квант-химиялық әдістермен зерттеу» атты зерттеу жұмыстары мен «Жаңа рационал органикалық фотометриялық реагенттерді модельдеу және оларды аналитикалық химияда қолдану» бағытында зерттеулер жүргізілуде.
Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлығында осы орталықтағы құрал-жабдықтар пайдаланылады. Сонымен қатар, «Инновациялық зерттеу орталығында» студенттер мен магистрлер зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Орталықтың ғылыми-техникалық базасы жылсайын толықтырылып келеді.«Инновациялық зерттеу орталығы» елімізде ғылыммен айналысамын деген азаматтарға толық мүмкіншіліктер жасайды.
Онда химия, биология, физика мамандықтары бойынша студенттердің лабораториялық жұмыстарын, курстық, дипломдық жұмыстары мен магистрлік диссертацияларын, университеттің профессор-оқытушы құрамының ғылыми-зертеу жұмыстарын жүзеге асырады. Инновациялық ғылыми-зертеу орталығы Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлеу зертханасының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттеу аттестатын иеленді. Материалдық-техникалық базасы бойынша қондырғылары тексеруден өтіп сертификатталған. Орталықта біліктілігін артырған сертификаты, куәлігі бар білікті мамандар жұмыс істейді. Орталықта екі химиялық зертхананы қайта құру арқылы бактериологиялық зертхана тұрғызылды.
Зертханада Мақтарал ауданының елді мекендерінің ауыз су, ағын су, жер асты суларының химиялық құрамын және бактериологиялық ғылыми-зертеу, сапалық және сандық сараптама жасалынады. Органолептикалық қасиеті бойынша судың түсі, иісі, дәмі, мөлдірлігі және химиялық құрамы бойынша кермектігі, құрамындағы ауыр металдар, катиондар мен аниондар, органикалық заттардың рұқсат етілген нормасына сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Табиғи өнімдерді қолдану арқылы студенттер жергілікті жерде өсетін шөптерден табиғи бояғыш заттар, сабын алуда, сабынға қосылған табиғи бояуларды жергілікті жерде өсетін шөптерден химиясыз өңдеу арқылы алады.
Мектептермен түзілген ғылыми-зертеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын орындауға арналған келісімшарттар негізінде «Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы» тақырыбы бойынша ғылыми-зертеу және тәжірибелік ғылыми ізденістер жүргізіледі. Химияны, биологияны таңдаған оқушылар инновациялық ғылыми-зертеу орталығында кафедра оқытушыларының көмегімен ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізуде және аудандық обылыстық олимпиадаға қатысуда.
Оқу процесінде жүйелі түрде озық әдістемелік инновациялық технологиялардан кең пайдаланады. Оқу дәрісханалары заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған. Студенттерге дәрістер өту үшін Республикамызға танымал белгілі ғалымдар, білікті мамандар шақырылып тұрады. Орталығының негізгі мақсаты өндірістен қол үздірмей оқытып, өз мамандығын жете меңгерген бәсекеге қабілетті жоғары білімді білікті мамандар дайындау. Білім беру саласындағы жаңа интеграциялық процестер, соның ішінде, кредиттік оқу жүйесі студенттерінің дербес жұмысын сапалы және тиімді ұйымдастыруын, студенттің өз бетінше білім алу мүмкіндігін арттыруды көздейді.
Материалдық-техникалық базасы жоғары дәрежеде, оқу аудиториялары кең, әрі жарық, заман талабына сай салынған. Үш қабатты ғимараттың бірінші және екінші қабатына сырттай оқу факультеті орналасқан. Осы екі қабатта 9 оқу аудиториясы, 1 лекция залы, 1 компьютерлік орталық және жаңа технологияны пайдалана отырып қашықтықтан білім беру орталығы жұмыс істейді. Студенттердің жан – жақты оқып білім алуына толық жағдай жасалған.
Сондай – ақ осы ғимаратта 320 студентке арналған жатақхана, кітапхана, дүкен, студенттер денсаулығын қалпына келтіру орталығы және "НҰР-ДӘУЛЕТ" жазғы спорт алаңы бар.
Жатақханада жасалған жағдайлар студенттерге оқу процесі барысында техникалық жабдықтармен, компьютер орталығымен, оқу - әдістемелік құралдармен, түрлі оқулықтармен толық қамтамасыз етілген. Студенттердің сабақтан тыс кезінде, спортпен өнермен айналысуына жан – жақты жағдай жасалған. Факультетте негізінен үш бағыт бойынша мамандық беріледі. Бірінші орта білім негізінде 5 жылдық, орта арнаулы оқу орнын бітіргендер үшін 3 жылдық және екінші жоғары білім алушылар үшін 2 жылдық оқу бағдарламасы бойынша білім беріледі.
Бейнеролик. Материалды-техникалық базасы
"Қашықтықтан оқыту" факультет туралы: https://youtu.be/3QpOChJ9XTc
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу