БІЛІМ ЖАСТАРДЫ ЕМЕС, ЖАСТАР БІЛІМДІ ІЗДЕСІН
- 1 view
Қазақстанның шалғай аймақтарының шағын орталығында «Сырдария» университеті орналасқан. Университеттің кадрлық құрамы жыл сайын білікті мамандармен толықтырылып тұрады. Соның ішінде тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор қызметіне 2020 жылы Алматы қаласынан Сламбекова Замзагүл Айнабекқызы конкурстан өтіп, тағайындалды. Осыған орай жаңа маманмен “Сырдария” университетіндегі білім жөнінде арнайы сұхбат жүргіздік.
-Замзагүл Айнабекқызы, мұндай шеткі аймаққа өзіңіздің жүрек қалауыңызбен келдіңіз бе әлде Сізді үгіттегендер болды ма?
-Біз бүгінгі таңда демократиялық қоғамда өмір сүріп келеміз. Бірақ оны кейбір адамдар жіті түсіне бермейді. Қазіргі кезде еңбекке қабілетті адамға (жалқау емес) және кез-келген білікті маманға істейтін жұмыс толып жатыр. Сондықтан да маған сонау шетел асудың түкке де қажеті жоқ деп білемін. Өзімнің бар білімім мен еңбегімді өз еліме, туған жеріме сіңіргім келеді.
Сөздің ашығы, мен Қазақстанның Жетісай деген қаласында «Сырдария» университетінің бар екенін білмеппін. Мырзашөл өлкесін сырттай естігенім болмаса, бұл жаққа жолым түскен емес. Яғни, интернет арқылы білдім десем де болады.
- Демек, қызыққансыз ғой...
- Әрине. Ғаламтордан «Сырдария» университеті туралы біршама мәлімет¬тер алдым. Маған ұнады. Жоғарғы оқу орнына проректор болу өте жауапты жұ¬мыс. Бұл қызметті өз дәрежесінде атқару білімділік пен біліктілікті талап етеді.
- Қош, мұнда келе салып, алдымен неге көзіңіз түсті?
Мұнда келгенде бірінші болып Жеті¬сай қаласының орталық көшесінде орна¬ласқан университеттің бас оқу ғимараты көзге түседі екен. Әйел адамдар бірден тазалыққа назар аударады ғой. Ғимараттың ішіне кіріп келген кезімде маған алғашқы ұнаған нәрсе – тазалық болды. Дәліздермен ары-бері жүрсең көңілің көтеріледі. Қабырғаларда жазыл¬ған ұлағатты сөздер, түрлі портреттер жастарды білімге, жаңа өмірге шақырып тұрғандай. Университет оқытушы¬лары¬ның бір-бірімен сөйлесу мәдениеті, студенттердің әдептілігі басқа оқу орындарымен салыстырғанда жоғары деңгейде екені бірден байқалды. Оқу орнының негізін қалаған Оңалбай Аяшұлына: «Бұл жерде Сіздің қолтаң¬ба¬ңыз сезіліп тұр», - деп айттым.
Университет кітапханасы кітап қоры¬на бай екен. Жатақхана, студенттер сарайы, ғылыми-зерттеу лабора¬тория¬сын аралап шыққан соң мұндай заманауи материалды-техникалық база кейбір мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында да жоқ екендігіне көзім жетті. Ендеше себеп іздемей, тек қана жұмыс істеуіміз керек деген ойға келдім.
- Бұл аймақты ауылдық жер деп кері тарта айтатындарға, орталық қалаларды аңсайтындарға қандай кеңес берер едіңіз?
- Жоғары білім беру жүйесі тек үлкен қалаларда дамыған немесе сапалы білімді тек орталықтан, ірі мегаполис¬терден ғана алуға болады деген пікірмен өз басым келіспеймін. Педагог маманы ретінде әрі қызмет бабында жинақтаған тәжірибем бойынша айтайын, Жетісай қаласында орналасқан «Сырдария» университеті Қазақстанның орталық қалаларындағы жоғарғы оқу орында¬ры¬нан кем түспейді. Бүгінде универси¬те¬тімізде 3400-ге жуық студент оқиды. Бұл үлкен мақтаныш.
Талапкерлер ата-анасымен ақылдас¬сын, ой бөліссін, бірақ мамандық пен жоғарғы оқу орнын таңдауда олардың өзіндік көзқарастарының болуы, жеке шешім қабылдауы аса маңызды. Осы шағын қаладағы «Сырдария» университеті Түркістан облысының білім беру жүйесі бойынша алдыңғы қатарда, көшбасшы университеттердің сапында тұрғанын жастардың есіне салғым келеді. Қазақта «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген мақал бар. Менің де жастарға айтарым, алысқа бармай-ақ осы жерден жоғары білім алып, қалаған жеріңізге мамандығыңыз бойынша қызмет етуіңізге болады.
- Иә, айтқан ойларыңыз өте орынды. Сіздің ойыңызша, қазіргі студент қандай болуы қажет?
- Әрбір ата-ана ұл-қыздары жоғары білім алсын, бір мамандықтың иесі болсын деп үлкен үмітпен оқытады. Білім жастарды емес, керісінше жастар білімді іздеуі керек. Ал ата-ананың үміті, оқуға жұмсаған шығындары ұл-қызы оқу орнын тәмәмдап, мамандық алып, қызметке орналасқанда ғана өтеледі. Сондықтан қазіргі студенттер ізденімпаз, шығармашыл, жаңашылдыққа жаны құмар, үнемі пайдалы істерге бастамашыл, белсенді әрі тапқыр болуы керек. Осы қасиеттер болмаған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуі екі талай. Студенттің бойындағы қабілет барлық уақытта оқуға және тұрақты білім алуға бағытталуы тиіс. Бұл жердегі ең басты құндылық – білім арқылы адам өзін-өзі таныса Ұлы ойшыл Абай атамыз айтпақшы, дүниенің кетігіне кірпіш болып қалана алады. Сондықтан білім алуда адаспай жол табудың өмірлік маңызы үлкен.
«Сырдария» университеті – жергі¬лікті аймақтарда күн сайын өзгеріп жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғам¬дық мәселелерді жүзеге асыратын са¬па¬лы мамандарды дайындап жатқан жаңа заманға лайықты білім ордасы. Мұндай оқу орнымен бүкіл қазақстандықтар мақ¬танатын шақ алыс емес деп ойлаймын.
Студенттерге сабақ беру мен оқытудың бүгінгі таңға дейін қолданылып келе жатқан тәсілдері өзгергені бәрімізге бел¬гілі. Біз виртуалды алаңмен жұмыс жүргізуге бейімделіп, бұл тәсілдің артықшылығы мен тиімділігіне студент¬тердің көздерін жеткізе білуге тиіспіз. Өйткені өркендеп дамыған елдердің бар¬лығы әлдеқашан ғаламтор жүйесіне көш¬кен. Неге біздер олардан артта қалуымыз керек?
- Студенттеріңіз жайында не айтар едіңіз?
- Біздің студенттер дерлік ауылдан шыққан, әже мен ата-ананың тәрбие¬сінде өскендер ғой. Араларында бір-екі белсенді студенттер ғана сөйлейді, ал қалғандары үндемейді екен. Жастардың ауылға тән ұялшақтықтары басым көрінеді. Белсенділіктерін ояту үшін ең әуелі оқытушылар, сосын шәкірттер өз-өздерін алға жетелеулері керек. Көпшілік ортада сөйлеп, ойларын еркін жеткізуді үйренуі қажет. Бұйығылықты заман талабы көтермейді. Ал білімге деген құштарлықтарына риза болдым.
Алдағы уақытта атқаратын шаруа өте көп. Жастарды білімге қызықтырудың тиімді тәсілдерінің бірі – елге еңбегі сіңген түрлі мамандық иелерімен онлайн, офлайн форматта кездесу өткізу. Студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарды ғаламтор арқылы қойып, жауап алуды үйретудеміз.
- Сырдария» университетінде студенттер үшін тағы қандай мүмкіншіліктер бар деп айтар едіңіз?
- Білім аламын, оқимын деген талапкерлерге барлық жағдайлар жасалған. Студенттер басқа жоғарғы оқу орындарына барып, ондағы сабақ өту тәсілдерімен таныса алады. Тіпті сонда оқимын десе, ауысуына рұқсат беріледі. Шетел оқу орындарымен өзара келісім-шарт жасалуда. Ол жақтың студенттері бізге келіп, ал біздің студенттер ол жаққа барып тәжірибе алмасып, оқуын жалғастыра алады. Әлемді таниды, шет тілін үйренеді. Бұл өте жақсы мүмкіндік емес пе?
- Мектептермен байланыс жасау қаншалықты маңызды?
- Негізінде жоғарғы оқу орны мен мектептің тығыз байланыс жасауы – бұл білім сапасын арттырудағы аса маңызды іс-шара. Сабақ беру тәсілін меңгерудің, тәжірибе жинаудың басы мектептен басталады. Алдағы уақытта шеберлік сыныбын ашып, мектеп оқушылары үшін семинарлар, тренингтер өткізбекпіз. Ондай бас қосуларды біздің ғалым¬да¬рымыз, жас оқытушыларымыз бен жоғар¬ғы курс суденттері жүргізетін болады. Мектеп мүғалімдеріне де шеберліктерін шыңдау курстарын ашпақ ойымыз бар. Сонымен қатар алдағы уақытта ата-аналар мен мектеп бітірушілерге университетіміз бойынша саяхат ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.
- Студент күн сайын өз ісін неден бастауы керек?
- Әрбір студент өзіне күн тәртібін жасап алуға әдеттенуі тиіс. Өз басым таңғы сағат алтыда тұрамын. Тәулік ішіндегі 24 сағаттың әрбір минуты мен үшін есептеулі. Мәселен, ерте тұрудың орнына күн шығып, сағат тоғызға дейін ұйықтайтын болсақ, үш сағаттай уақытты бос жіберіп алған боламыз. Ерте тұр да бір сағаттай таза ауада жүр, дене шынықтырумен шұғылдан. Түнде ұйықтап тыныққан басыңмен әдеби кітап, газет-журналдар оқы. Бүгін істейтін істеріңді жоспарла, сосын рет-ретімен орындауға кіріс. Қазіргі заман еріншектік пен жалқаулықты көтермейді.
- Кітап, газет-журнал оқу керек деген сөзіңізді естігеніме қуанышты¬мын. Ал бірақ жастарымыз ұялы те-ле¬фонға үйір болып кеткені соншалықты роман, повесть, қилы-қилы тағдырға байланысты жазылған әңгімелерді, ма¬қалаларды оқу былай тұрсын, атақты жа¬зушыларымыздың есімдерін ұмыта бастаған, проза мен поэзия әлемінде жаңадан көріне бастаған талапкердің шығармаларына қызықпайды да ғой.
- Студент шағымызда біздер газет-журналдарда жазылған жаңалықтарды бірінші кезекте оқып білуге ұмтыла¬тын¬быз. Ал атақты жазушылармен кездесу үл¬кен бақыт саналатын. Жас қалам¬гер¬лер¬мен творчествалық жиындар өткізетінбіз. Міне, сондай іс-шаралардың арқасында жастық албырттықтан ажырап, ойымыз бен санамыз ұлғайып өсті.
«Кітап оқығандар теледидар қарап, компьютер мен телефонда отыратын¬дарды басқарады» деген екен бір ойшыл. Сондықтан да студент жастарға айтарым, жаңадан шыққан әдеби кітаптарды сатып алып оқыңыздар, газет-журналдарға жазылыңыздар. Онда өздеріңізге керекті дүниелер көп. Білімді терең игеремін десеңіздер, оқудан жалықпаңыздар.
- Мектепті бітіргелі жатқан түлек¬терге айтарыңыз бар ма?
- Мақтаарал мен Жетісай аудан¬да¬рында 340 мыңнан астам халық, білім алу¬ға арналған 130-ға жуық мектеп бар екен. Сонымен қатар көршілес Шардара, Сарыағаш, Келес аудандары бар. «Сыр¬дария» университеті, міне, осылар үшін ашылған. Жоғарғы оқу орнын таңдауда жергілікті тұрғындар балаларына дұрыс бағдар береді деген ойдамыз. Біздің уни¬верситетіміз білім аламын, оқимын деген талапты жастарды әрқашан да күтеді.
- Тамаша сұхбат үшін алғысымызды білдіреміз. Жұмысыңызға табыс тілейміз!
Э.ӨСЕРБЕКОВА.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу