«ШАРДАРАЛЫҚ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУДАМЫЗ»
- 1 view
Амангелді МАМЫТ, филология ғылымдарының кандидаты, Ж.Тәшенов университеті филология факультетінің деканы:
«ШАРДАРАЛЫҚ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУДАМЫЗ»
Күні ертең еліміз бойынша барлық білім ошақтарында «Соңғы қоңырау» салтанаты өтпек. Мектеп бітіруші түлектер одан соң ҰБТ тапсырып, бақтарын сынайды. Түлектердің өздері қалаған оқу орындарына құжаттарын тапсыруы да оңай еместігі белгілі. Шалғай ауыл, аудан түлектері облыс орталығына немесе Астана, Алматы, арғы жағы Өскемен, батыста Оралға қатынап, әуре-сарсаң болып жатады. Шымкент қаласындағы Ж.Тәшенов университетінің басшылары осы олқылықты болдырмау мақсатында Шардара ауданы орталығынан өз өкілдіктерін ашыпты. Бұл жөнінде аталған университеттің филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Амангелді Мамыт ағамызбен аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз. Төменде сол сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
– Амангелді аға, шардаралық түлектер үшін қолайлы жағдай жасап жатыр екенсіздер. Осы мәселе төңірегінде кеңірек айтып өтсеңіз?
– Ия, біз Шардарадан арнайы өкілдігімізді аштық. Өкілдік өз кезегінде болашақ студенттердің құжаттарын қабылдап, өздері қалаған оқу орнына жолдап отырады, өзге де түсінбеген мәселелер бойынша ақыл-кеңес, бағыт-бағдар береді. Бұл жердегі мақсат – түлектерді ары-бері әбігерге салмай, оларға қолайлы жағдай жасау. Бұл жұмысымыз балалар үшін де, олардың ата-аналары үшін де үлкен жеңілдік болады деп есептейміз.
Осы мәселені алға тартып, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың қабылдауында болғанымызда ол кісі біздің ұсынысымызды қуана қуаттады.
Қазіргі таңда өкілдігіміз аудандағы іргелі білім ошағы – «Шардара» мектеп-лицейінің ғимаратына орналасты. Өкілдіктің жетекшісі болып ардагер ұстаз, ақын, «Әкелер мектебі» ұйымының төрағасы Нұрғали Ыбырайым бекітілді.
– Бастамаларыңыз баянды болсын. Ал енді өзіңіз қызмет етіп жатқан оқу орны туралы айта кетсеңіз?
– Мен еңбек етіп жатқан Ж.Тәшенов университеті – іргелі оқу орны. Бізде 35 бакалавриат, 8 магистратура бағдарламасы бойынша білім беріледі.
Біздің оқытушы-профессорлық құрам жастардың кәсіби маман болуы үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Бізде заманауи оқу ғимараттары, зертханалар, электронды кітапхана, соңғы үлгіде жабдықталған жабық спорт алаңы мен студенттер үйі бар.
Ер балалар үшін әскери кафедрада оқу мүмкіндігі қарастырылған.
Университет Израиль, Греция, Бельгия, Ұлыбритания және тағы басқа шет елдік жоғары оқу орындарымен қос дипломдық бағдарламаны қамтамасыз ету саласында белсенді ынтымақтасады.
Университетте талантты жастар арасында жыл сайын конкурс ұйымдастырылып, жастарға түрлі қолдаулар көрсетіледі. Сонымен бірге белсенді жастарға арналған «Coworking» орталығы жұмыс істейді. Орталық студенттің кәсіби өсуіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне, тұлғалық деңгейін көтеруге мүмкіндіктер ашады.
– Ниет білдірушілер сіздермен қалай байланысады?
– Негізгі мекенжайымыз Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы, 21 ғимаратта орналасқан. Байланыс телефоны – 8-776-104-70-70 (WhatsApp). Электронды поштамыз: info@tashenev.edu.kz
Біз туралы www.tashenev.edu.kz саиты арқылы да танысуға болады.
– Амангелді аға, сіздер болашақ маман иесін қалыптастырып қана қоймайсыздар, сіздер болашақ қоғамды қалыптастырасыздар. Ендеше, істеріңізге сәттілік тілейміз.
Сұхбаттасқан
Сәбит ҚОСПАНҰЛЫ.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу