«Жаңа Қазақстан: жастар және ғылым» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
- 1 view
Құрметті студенттер мен жас ғалымдар!
Сіздерді 2022 жылдың сәуір айының 15 күні өткізілетін Ұлт Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Жаңа Қазақстан: жастар және ғылым» атты студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі VІІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияға қатысуға ЖОО студентері мен жас ғалымдары шақырылады.
Конференцияның мақсаты: студенттер мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін арттыру, өз жұмысының нәтижелерін өз бетінше таныстыруға мүмкіндік беру, ғылыми нәтижелерді көпшілік алдында талқылай отырып, аудитория алдында сөйлеу мәдениетін дамыту.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:
◊ Секция 1. Өнер және гуманитарлық ғылымдар;
◊ Секция 2. Педагогикалық ғылымдар;
◊ Секция 3. Жаратылыстану ғылымдары;
◊ Секция 4. Бизнес, басқару және құқық.
Конференцияның жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция бойынша мақалалар жинағы жарық көреді, қабылдау мерзімі 2022 жылдың 13-ші сәуіріне дейін Email: nauka.syrdariya@mail.ru (мақаланы жинаққа енгізу үшін төленген төлемақының ксерокөшірмесі немесе сканерленген көшірмесін қоса жіберу керек) электронды поштасына қабылданады.
Төлем үшін банк реквизиттері:
РНН 580400006905
ИИН 980340002287
KZ186017291000004987
Код 17
БИК HSBKKZKX
АҚ «Қазақстан Халық банкі»
Мекен жайы: Жетісай қ., М.Әуезов к., 11
Тел: 8(72534) 6-20-41
МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
«Сырдария» университетінің cтуденттік еңбектер жинағына берілетін мақалаларға қойылатын талаптар:
1. Мақала Microsoft Word редакторында терілуі тиіс
2. Қағаз форматы – А4
3. Шеткі сызықтары: жоғарғы – 2см, төменгі – 2см, сол жағы – 3см, оң жағы – 2см
4. Шрифттердің көлемі:
мақаланың мәтіні – 11 кегль.
формулалар – 11 кегль.
әдебиеттер тізімі – 10 кегль.
5. Шрифттердің түрі: Times New Roman, Kz Times New Roman
6. Жоларалық қашықтық – 1 (еніне қарай түзету)
7. Бірінші қатарының сол жағында міндетті түрде ӘОЖ, бір қатардан кейін – ортасында – БАС ҚОЮ ӘРІПТЕРМЕН – мақаланың тақырыбы, бір қатардан кейін – ортасында – кіші әріптермен –авторлардың (3-ден артық болмауы тиіс) аты-жөні, тегі, студенттің тобы және ғылыми жетекшінің қызметін көрсету (үлгісі қоса көрсетілді).
8. Конференцияға қатысу үшін ұсынылған ғылыми материалдар МЕМСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдардың баспалық рәсімделуі» бойынша, ал мақалада пайдаланылған әдебиеттер тізімі МЕМСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен жасау ережесінде» көрсетілген негізгі баспалық стандарттарға сәйкес рәсімделуі тиіс.
9. Мақаланың көлемі 5 беттен аспауы керек.
10. Баяндама мәтінін редакциялауға жатпайды және түп нұсқасы болып саналады. Конференцияның баяндамалар жинағы тікелей көшірме әдісімен теріледі.
11. Шектелген мерзімінен кешігіп түскен немесе талапқа сай келмейтін материалдар жариялымға қабылданбайды, қаралмайды және қайтарылмайды. Сондықтан жоғарыда көрсетілген талаптарға сай материалдардың тиянақты редакциялануын Сіздердің назарларыңызға қаратамыз.
12. Мақаланың төлем ақысы – 3000 теңге.
13. Анықтама телефоны 8 (72534) 6-26-93, +7 707 323-46-08.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет