Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

 

Ғылым магистрі, аға оқытушы Н.А. Қожабеков «6В01601 – Тарих мұғалімдерін даярлау», «6В01506 – География мұғалімдерін даярлау» және «6В01509 – География-Тарих мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша 2-курс ЕП-22-2к, ЕП-22-13К, ЕП-22-3К, ЕП-22-4К топтарына «Дін философиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – білім алушылармен дін философиясының негізгі мәселелерін, діни сана мен діни танымның ерекшеліктерін, философия тарихындағы дін мен Құдайға сенім мәселесінің қалыптасуы мен дамуын зерделеу болды.

Сабақ жоспары аясында «Дін дегеніміз не? Дін қашан пайда болды?» деген іргелі сұрақтар қарастырылып, діннің әлеуметтік-мәдени құбылыс ретіндегі мәні талданды. Сонымен қатар дін философиясының дамуына үлес қосқан ойшылдардың көзқарастары кеңінен қамтылды. Атап айтқанда, Аристотель, Аврелий Августин, Фома Аквинский, Иммануил Кант, Георг Вильгельм Фридрих Гегель, Людвиг Фейербах еңбектеріндегі дін мәселесі сараланды. XVIII ғасырдағы француз ағартушыларының, соның ішінде Вольтер мен Поль Анри Гольбах көзқарастары және Исаак Ньютонның Құдай туралы ойлары талқыланды.

Әлеуметтік ойшылдардың дінге қатысты тұжырымдары да назардан тыс қалмады. Эмиль Дюркгейм, Макс Вебер, Карл Маркс, Талкотт Парсонс, Бронислав Малиновский, Альфред Рэдклифф-Браун еңбектеріндегі діннің қоғамдағы қызметі мен рөлі талданды. Сонымен бірге қазақ мәдениетіндегі діннің орны мен тарихи-рухани маңызы қарастырылды.

Сабақ барысында слайдтар, ақпараттық платформа және бейнероликтер қолданылып, интерактивті талқылау ұйымдастырылды. Білім алушылар тақырып бойынша пікір білдіріп, философиялық тұжырымдарды салыстырмалы талдау арқылы өз көзқарастарын негіздей алды.

Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және дүниетанымдық көзқарасын кеңейтуге ықпал етті.