Әлем тілдері институты
Институт туралы
«Әлем тілдері» институты — көптілді білім беруді дамытуға бағытталған, кәсіби педагогтар мен тіл мамандарын даярлайтын іргелі білім ордасы. Институттың басты мақсаты — заманауи білім беру талаптарына сай, жоғары кәсіби құзыреті бар, бірнеше тілді еркін меңгерген, мәдениетаралық коммуникацияны жүзеге асыра алатын мамандарды даярлау.
Институтта келесі бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындалады:
• 6B01708 – Орыс және орыс емес мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP)
• 6B01707 – Шетел тілдері (IP)
• 6B01702 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
• 6B01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау
• 6B01704 – Өзбек тілі мұғалімдерін даярлау
• 6B01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Магистратура білім беру бағдарламалары:
1. 7M01702 – Шетел тілдері мұғалімдерін даярлау: екі шетел тілі
2. 7M01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
3. 7M01703 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
4. 7M01704 – Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бағдарламалар білім алушылардың кәсіби-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және әдістемелік құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Институт түлектері мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, тіл орталықтарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен білім беру мекемелерінде табысты еңбек етуде.
Институтты миссиясы – Цифрлық трансформация мен халықаралық білім беру кеңістігінің талаптарына сай ғылым, тіл және мәдениет саласында инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру. Әлем тілдері институты ұлттық рухани құндылықтарды дәріптейтін, көптілділік пен мәдениетаралық коммуникацияны меңгерген, заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолданатын, ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметте бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау арқылы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін дамытуға үлес қосады.
Институт директоры
Ботабаева Жанна Нуралиевна
Институт директоры
Телефон:
+7 701 395 41 22
E-mail:
k-filolog@tashenev.edu.kz