Жасанды интеллект және инновация
Факультет туралы:
Тәшенев университетінің «Жасанды интеллект және инновация» факультеті студенттерге заманауи цифрлық дәуір талаптарына сай сапалы білім берумен қатар, олардың шығармашылық ойлау қабілетін, зерттеушілік дағдыларын және инновациялық көзқарасын қалыптастыруды басты мақсат етеді.
Факультет білім беруді тек теориямен шектемей, оны нақты тәжірибемен ұштастыра отырып, студенттерді жасанды интеллект, деректерді талдау, бағдарламалау және инновациялық технологиялар саласында кәсіби деңгейде дайындайды. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттер ғылыми жобалар әзірлеп, оларды өндірісте қолданудың тиімді жолдарын зерттейді.
Оқу үдерісі заманауи құралдармен жабдықталған аудиторияларда өтеді. Инновациялық зертханалар, цифрлық платформалар және арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету студенттердің теориялық білімін тәжірибемен байланыстыруға кең мүмкіндік береді.
Факультетте түрлі білім гранттарының иегерлері білім алуда, олар өз жетістіктерімен басқа студенттерге үлгі болып, академиялық белсенділікті арттыруға ықпал етеді. Университет қабырғасында барлық студенттерге ғылыми жобаларға қатысуға, стартаптарды дамытуға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Осылайша, факультет түлектері жасанды интеллект және инновация саласында бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие маман ретінде қалыптасады.
Факультеттің миссиясы:
Факультеттің миссиясы – жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновациялық даму бағытында терең білімге ие, креативті ойлайтын, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Факультет білім беру сапасын арттыра отырып, ғылым мен технологияны біріктіру арқылы қоғамның цифрлық трансформациясына үлес қосуды, елдің экономикалық және технологиялық дамуына ықпал етуді мақсат етеді.