“Педагогика және психология”
Ашық сабақтар және соңғы іс-шаралар
2003 жылы Сырдария университетінің педагогикалық мамандықтары негізінде құрылған «Педагогика және психология» кафедрасы бүгінгі күні қайта құрылып, өз қызметін жалғастыруда. Аталған кафедра өзінің құрылғанынан кейінгі жылдары бірнеше рет атауы, құрамындағы білім беру бағдарламалары өзгерсе де оны басқарған аға оқытушы М.Ашимова, техн. ғ.к, доцент К.Баймаханов, п.ғ.к. Л.Мырзабек, ф.ғ.к. Д.С. Болысбаев, доцент Ұ.Ә. Сапарбаева сынды кафедра меңгерушілері кафедраның материалды-техникалық базасын жасады, оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырумен қатар, оқытушылық жұмысқа келген жас мамандарды тәрбиелеуге аса көп көңіл бөлді. Сонымен қатар адамгершілік пен бірін-бірі сыйлау принциптерін берік ұстанған ұйымшыл ұжым қалыптастырды.
2025-2026 оқу жылында PhD, қауымдастырылған профессор Конакбаева Улжамал Жандаралиевна «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Бүгінгі таңда кафедрада оқу ісін ұйымдастыру, студент–жастарды тәрбиелеу, кәсіби деңгейі жоғары мамандар даярлау, кафедраның материалды–техникалық базасын нығайту, ғылыми–ізденіс жұмыстарды жолға қою, жаңа мамандықтар ашу сияқты көптеген шешімі күрделі жұмыстар атқарылуда.
Кафедраның ғылыми потенциалы жоғары деңгейде: 3 қауымдастырылған профессор, 1 ғылым кандидаты, 17 магистр-оқытушы оқу– тәрбие жұмысын жүргізеді.
Көптеген профессор–оқытушылар Халықаралық және Республикалық байқаулардың жүлдегерлері, ҚР «ЖОО–ның үздік оқытушысы», мемлекеттік грант иегерлері. Оқу үрдісі Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру технологиялары бойынша ұйымдастырылған. Студенттерді кредиттік жүйе бойынша оқыту үшін кафедрада кітап қорын оқу-әдістемелік әдебиеттермен толықтыру, оқыту үрдістеріне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, оқу үрдісін ақпараттандыру және компьютерлендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Барлық кафедраларда корпоративтік торап арқылы интернетке қосылған компьютерлік сыныптар бар.
«Педагогика және психология» кафедрасы бакалавриат мен магистратураның 6В01103-Психология (IP), 6В01101- Педагогика және психология, 7М01101-Педагогика және психология сияқты білім беру бағдарламалары бойынша педагог кадрлар мен білікті мамандарды даярлаумен айналысады. Кафедра құрылған жылынан бастап облыс пен қаланың жалпы білім беретін және кәсіптік мектептері үшін үш мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярлаған.
Қазіргі уақытта кафедрада 2 лекция залы, 5 оқу кабинеті, ғылыми-зерттеу әдістері, когнитивті психология, Mentor Space, магистранттар академиясы, эмпатия ресурстық қолдау білдіру, инклюзивті білім беру кабинеттері сияқты 6 жеке кабинеттер, 1 компьютер класы, 2 оқу залы, 1 кафедра бөлмесі бар.
Құрамы:
· PhD докторлар, қауымдастырылған профессорлар – 2
· ғылым кандидаттары, доценттер – 2
· ғылым магистрлері, аға оқытушылар – 17
- Қонақбаева Ұлжамал Жандаралиевна
- Халикова Роза Орунбасаровна
- Абдуллаева Жазира Дайрабаевна
- Бисенбаева Жанат Николаевна
- Ирметов Уткир Абдурасилович
- Амандикова Гулазия Ілесбекқызы
- Кәрібай Күлайхан Жанболатқызы
- Чинибаева Гулнар Дуйсековна
- Доскараева Гаухар Мухтаровна
- Гаухар Мухтаровна Малгайдарова
- Гульсара Турганбаевна Айткулова
- Нургуль Жорабековна Махаметоваа
- Захида Абдурашидовна Убайдаева
- Биляловна Зухра Мамытова
- Нұрлыханқызы Еркінай
- Даутбаева Тоғжан Серікқызы
- Жусипова Улбосын Оразбековна
- Ермашова Акерке Орынбасаровна
- Тогаева Венера Бериковна
- Атаева Жадыра Мухановна
- Оспанова Жанерке Сакеновна
Кафедра ұжымы кредиттік технологияға (силлабус) негізделген бірнеше оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер, пәндердің әдістемелік нұсқаулықтары, дәрістер жинақтары, студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған мәтіндер және электронды оқулықтар әзірлеген.
Оқу салалары:
· Жалпы және қосымша білім беру ұйымдарында қызмет ету;
· Оқу процесінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану;
· Педагогикалық эксперименттер өткізу және нәтижелерін оқу процесіне енгізу
Құжаттар: лицензия
ҰБТ пәндері: Биология, география
Оқу мерзімі: 4 жыл
Оқу формасы: күндізгі
Дайындық курстары: «Психолог»
Кафедра төмендегі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып, болашақ мамандар даярланып жатыр:
· 6В01103-Психология (IP)
· 6В01101- Педагогика және психология
· 7М01101-Педагогика және психология
Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің Стратегиялық даму жоспарының мақсатына және университет миссиясына сәйкес анықталған. Білім беру бағдарламасының мақсаты: Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген бәсекеге қабілетті педагог-психолог мамандарын даярлау
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
- білім алушылардың кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру;
- білім алушылардың тұлғааралық құндылықтар негізінде әлеуметтік жауапкершілігін және кәсіби этикалық нормаларды ұстануын қалыптастыру;
- білім алушылардың кәсіби шыңдалуға, өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру негізінде білім беру сапасының деңгейін ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру;
- білім алушылардың кәсіби білімі мен тәжірибелік дағдыларын жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қалыптастыру;
- функционалдық сауаттылық және салауатты өмір сүру негізінде қоғамды жаңартуда белсенділік танытатын жоғары білімді маман даярлауды
қамтамасыз ету.
Білім беру бағдарламалары студенттердің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуын, психология салаларында жүйелі білім беру мақсатында құрастырылған. Біз Қазақстанда және шетелде сұранысқа ие жаңа буынның жоғары білікті, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мамандарын даярлаймыз.
Мамандық түлектерінің қызмет салалары:
· Педагог-психолог
· Психолог
Түлектер келесі салаларда жұмыс істей алады:
6В01103-Психология (IP), 6В01101- Педагогика және психология, 7М01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврлары мен магистрлері өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.
Бітірушінің кәсіби қызметінің нысандары
- негізгі және бейіндік мектептер;
- мамандандырылған мектептер;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
болып табылады.
Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері
- оқыту;
- тәрбиелеу;
- әдістемелік.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары:
Педагогика және психология кафедрасы
Педагогика және психология кафедрасы педагогикалық ғылымды дамытуға, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмысын жүйелі түрде жүзеге асырады. Кафедрада төмендегі негізгі бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіледі:
– оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын әзірлеу және оларды үздіксіз білім беру жүйесіне енгізу;
– білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
– өзекті ғылыми тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізу және ғылыми мақалалар дайындау.
Кафедра оқытушыларының ғылыми қызметі
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді түрде қатысып келеді.
* Малгайдарова Г.Т. – 2025 жылдың қазан айында Ташкент қаласында өткен «Science and Innovation» халықаралық конференциясына және 2025 жылғы сәуір айында Алматы қаласында өткен «Өзгермелі әлемдегі Орта Азия аймақтық субъектілік, құқықтық сын-қатерлер және медиа ландшафт» атты конференцияға қатысты.
* Нурлыханқызы Е. – «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды оқытудың заманауи тәсілдері: мәселелер мен шешімдер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Нейропсихологические кореляты тревожности при хроническом стрессе» атты мақаласын жариялады.
* Ирметов У.А. – «Буынға бөліп оқу» атты монографиясын жарыққа шығарып, Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің «Ғылыми хабаршы» журналында «Студенттердің оқу мотивациясын арттыруға бағытталған педагогикалық тәсілдер» атты мақаласын жариялады.
* Қонақбаева Ұ.Ж. – халықаралық «Educational Process International Journal» журналында «Artificial Intelligence in Microteaching Lesson Study: Enhancing Pre-Service Teachers’ Confidence and Instructional Quality» атты мақаласын жариялады.
Сонымен қатар кафедра оқытушылары білім беру бағдарламаларына сәйкес монографиялар мен оқу-әдістемелік құралдар әзірлеумен де тұрақты түрде айналысады.
Студенттермен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедра алдағы уақытта студенттермен ғылыми-зерттеу жұмысын нығайтуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда:
– «Психологиялық қызмет» бағыты бойынша (балалармен, мүмкіндігі шектеулі жандармен, қарттармен жұмыс істеуге арналған) волонтерлік бағдарламалар әзірлеу және іске асыру;
– «Студенттердің эмоционалды интеллектісін қалыптастыру» тақырыбында педагогика мен психологиядағы өзекті мәселелер бойынша зерттеу жүргізу;
– зерттеу мен сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, эмоционалды интеллектіні дамытуға арналған практикалық әдістемелер ұсыну.
Кафедраның ғылыми қызметі білім сапасын арттыруға, педагогикалық инновацияларды енгізуге және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Пәндер презентациялар және оқу-әдістемелік нұсқаулар:
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS).
- Пәннің атауы 4306 BОЕB Бейнелеу өнері еңбекке баулу
- Пәннің коды, атауы: МЕК/3310 Мектептану
- Пәннің коды, атауы: Log 4311/ Логопедия
- Пәннің коды, атауы: KG\3224 «Қызықты грамматика»
- Пәннің коды, атауы: КР/3227 Коррекциялық педагогика
► Қонақбаева Ұ.Ж. Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру. ДӘРІС КОНСПЕКТЕРІ
Байланыс телефон номері: 87029015201
E-mail: ukonakbaeva@mail.ru
Ғылыми дәрежесі: PhD докторы, қауымдастырылған профессор
Білімі: жоғары
Жұмыс тәжірибесі: 30
Біліктілікті жетілдіру: Білім беру бағыты бойынша 2, Инклюзивті білім беру моделі 1, Жасанды интеллект 1, Педагогикалық менеджмент 1.
Жетістіктері: 200-ден аса ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 7 халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда, 20 Уәкілетті орган ұсынған басылымдарда, қалғандары басқа басылымдар мен халықаралық конференцияларда жарияланған.
Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған 1 оқулық пен 6 оқу құралдарының, 1 монографияның авторы. Электронды оқулықтары мен қолөнер туындыларына 7 авторлық куәлктер алған.
1. Медаль "Білім беру ісінің үздігі". ҚР ОҚО "Құрмет АВ" қоғамдық бірлестігі. Куәлік №Sr044
2. Медаль "Елеулі еңбегі үшін" Ы.Алтынсарин медалі. Ұстаз қоғамдық қоры. 12.12.2019. Куәлік 0881