Tashenev
background

Заң қызметі

Заң қызметі

Фото юриста

Әбіраева Сәуле Керімқұлқызы

Университет заңгері
Телефон

+7 771 581 8355

Факс

+7 (7252) 53-71-52

Электронды пошта

zanger@tashenev.edu.kz

Заң қызметі - «Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы Университет» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі, оның міндеттері университетте заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, оның мүдделерін құқықтық қорғау және ҚР қолданыстағы заңнамасы туралы ақпарат беру болып табылады.

  • Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеу, әзірлеуге қатысу: шарттар, келісімдер, меморандумдар, ережелер, серіктестік қатысушыларының хаттамалары
  • Құжаттарға заңдылық тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізу
  • Талап-арыздар, шағымдар мен арыздарды дайындау және ұсыну
  • Әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру
  • Университеттің мәмілелерін заңдық сүйемелдеу
  • Университеттің мүдделерін соттарда және мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарымен қарым-қатынаста білдіру және қорғау
  • Шарттарды жасасу тәжірибесін оларды орындау кезінде анықталған кемшіліктерді жою мақсатында талдау

Заң қызметі өз жұмысында мыналарды басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтық, еңбек, әкімшілік, іс жүргізу заңнамасы
  • Білім беру жүйесіндегі нормативтік актілер
  • Университет жарғысы
  • Университеттің нормативтік құжаттары
  • Сапа саласындағы саясат пен мақсаттар
  • Заң бөлімі туралы ереже