Tashenev
background

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы

Абдуллаева Жазира Дайрабаевна

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының басшысы

философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а.

Электронды пошта

postgraduate@tashenev.edu.kz

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орындары кафедраларының оқу процесін үйлестіреді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес магистрлер даярлайды.

Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен тұлғаларға "магистр" дәрежесі беріледі.

  • 2018-2021 жж., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ph.D докторы, 6D010300- Педагогика және психология мамандығы

  • Жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша университет кафедраларының оқу процесін бақылау және үйлестіру

Магистратураға түсу туралы ақпарат
Құрметті магистратураға түсушілер!
Сіздерге 2026 жылғы 1 маусым мен 8 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында немесе UTO.kz қосымшасы арқылы магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.
⏳Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
Тіркелу барысында сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.
Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 14 шілде түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА
Шекті балы – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:
✔️Шет тілі – кемінде 25 балл;
✔️ОДАТ – кемінде 7 балл;
✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).
КТ-ға қатысу құны 14 693 теңге.
✊Барлығыңызға сәттілік тілейміз!