Қазақ тілі мен әдебиетІ
background

“Қазақ тілі мен әдебиетІ”

Кафедрасы
Басты бет / Кафедралар / Қазақ тілі мен әдебиетІ
Біз туралы

Кафедра туралы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы — мемлекеттік тілдің дамуына, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының өркендеуіне, ұлттық рухани-мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға бағытталған білім беру, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыратын академиялық құрылым.

Кафедраның қызметі білім, ғылым және инновацияның өзара сабақтастығына негізделіп, заманауи білім беру талаптарына сай жоғары білікті педагогтер мен ғылыми-зерттеуші мамандар даярлауға бағытталған. Оқу үдерісінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің қоғамдық қолданыс аясын кеңейту, білім алушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту басымдыққа ие.

Университеттің цифрлық трансформация және халықаралық ықпалдастық негізінде ғылым мен білімнің инновациялық экожүйесін қалыптастыру миссиясына сәйкес кафедра заманауи технологияларды, инновациялық оқыту әдістерін және озық педагогикалық тәжірибелерді енгізуге ерекше мән береді.

Кафедраның миссиясы

Білім, ғылым және инновацияның бірлігін қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік тілдің дамуына, қазақ әдебиеті мен ұлттық мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға үлес қосатын жоғары білікті, шығармашыл, бәсекеге қабілетті педагогтер мен зерттеушілер даярлау.

Негізгі мақсаттары мен міндеттері

  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың сапасын арттыру және заманауи әдістемелерді дамыту;
  • Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту және қолданыс аясын кеңейту;
  • Қазақ әдебиеті мен ұлттық рухани-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және насихаттау;
  • Білім алушылардың кәсіби, коммуникативтік, цифрлық және зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыру;
  • Оқу үдерісіне инновациялық технологиялар мен озық тәжірибелерді енгізу;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту;
  • Академиялық адалдық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

Даму басымдықтары

Кафедра білім беру сапасын үздіксіз жетілдіруге, ғылыми әлеуетті арттыруға, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалануға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға басымдық береді.

Іс-шаралар

Кафедраның ашық сабақтары мен іс-шараларымен танысыңыз:

📅 Іс-шаралар

Білім беру бағдарламалары

Бакалавриат

  • 6В01701 — Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау (IP)
  • 6В01710 — Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
  • 6В03201 — Кітапхана ісі

Магистратура

  • 7М01701 — Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау

Құжаттар

Кафедра оқытушылары

  1. Мамыт Амангелді Алтыбайұлы
  2. Еликбаев Бауыржан Кошкинбайулы
  3. Жантасова Зылиха Тұрарқызы
  4. Аккузов Абдыжалил Абуталипович
  5. Бекмырза Сұлушаш Бекмырзақызы
  6. Абенова Лаззат Усмановна
  7. Қалыбеков Болат Ермекұлы
  8. Бакирова Шолпан Абдикеримовна
  9. Айткулова Гульмира Арипкановна
  10. Алимбаев Мырзахан Түймебаевич
  11. Жұмағұлова Жадыра Жұматайқызы
  12. Амирова Гаухар Оразбаевна
  13. Арынбаева Рана Ануарбековна
  14. Байболова Айжан Жанасбековна
  15. Төлегенова Дина Мелдебекқызы
  16. Туреханова Актолкын Тулегеновна
  17. Айтинбетова Гульнар Сапаралиевна
  18. Ахинова Гаухар Таубаевна
  19. Турабаева Лаззат Калыкуловна — филология ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі, доцент
  20. Нұрбек Мұратбек Анарбайұлы — PhD, доцент
  21. Айкенжеева Венера Айтжанқызы — магистр, аға оқытушы
  22. Мұса Нұрбала Бекболатқызы — магистр, аға оқытушы
  23. Смайыл Ақмарал Халиқызы — магистр, аға оқытушы
  24. Саткулова Қарлығаш Молдабекқызы — магистр, оқытушы
  25. Алтынбек Ұлдықыз Омарбекқызы — магистр, оқытушы
  26. Асанғали Мұқағали — магистр, оқытушы
  27. Нурпеисов Нариман Жумашевич — филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  28. Ахинова Гулайша Таубаевна — өндірістік оқытушы, оқытушы
  29. Худайбергенов Ерлан Джумагалиевич — өндірістік оқытушы, оқытушы
  30. Сералиева Жанат Кемельтаевна — филология ғылымдарының кандидаты, доцент
  31. Тукенова Роза Сатовна — магистр, аға оқытушы
  32. Тастыбаева Райхан Кошхарбаевна — магистр, аға оқытушы
  33. Кукеева Мира Кульчимбаевна — педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  34. Сырайлова Ғализа Маденқызы — аға оқытушы
  35. Саткинбекова Сауле Абдирахимовна — өндірістік оқытушы, оқытушы
  36. Садық Гүлжан Байсерікқызы — өндірістік оқытушы, оқытушы
  37. Арыстанбаева Асылзат Оспановна — өндірістік оқытушы, оқытушы

Практика базалары

№135 жалпы білім беретін орта мектеп, Шымкент қ.; №14 Айбек атындағы жалпы білім беретін мектеп; А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия; №89 IT мектеп-лицейі; Терешкова атындағы №31 мектеп; Абай Құнанбаев атындағы №2 мектеп; №129 мектеп; «Intellect» физика-математикалық лицейі; Ә. Бөкейханов атындағы №2 мектеп; Ж. Жабаев атындағы №26 мектеп; Н. Төреқұлов атындағы №62 мектеп; №102, №128, №136 және М. Мәметова атындағы №35 мектептер, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Түркістан және Қызылорда облыстарындағы серіктес білім беру ұйымдары.

Материалдық-техникалық база

Фото 1 Фото 2 Фото 3
photo
Кафедра меңгерушісі
Мамыт Амангелді Алтыбайұлы

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Телефон: +7 702 596 6830