АШЫҚ САБАҚ
2024-11-28
Ғылым магистрі, аға оқытушы Зоржанова Айсұлу Асылқызы
"1870-1914жж аралығындағы Ресей" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Білім алушылардың назарын сабаққа аударып, үш топқа бөлді.
Топтық жұмыс. Білім алушыларды 3 топқа топтастырылды және Лотодан шыққан сұрақтарға топтасып жауап берілді:
1-топтың атауы: «Гуманистер» тобы.
2-топтың атауы: «Ағартушылар» тобы.
3-топтың атауы: «Капиталистер» тобы.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен білім алушыларды таныстырылды. Сондай-ақ өткен сабақпен байланыстырылып, Петр І ден Николай І аралығындары орыс патшаларының ішкі және сыртқы саясаттарын халықаралық қатынастар жүйесі шеңберімен байланыстырыла өтілді. iSpring Learn платформасы арқылы және Word wall платформасы арқылы білім алушыларды топтастырып, әр топқа жеке жеке сұрақтарды желінің өзі таңдап беріп отырды. Білім алушылар сол таңдалған сұрақтарға жауап берді.
«Лото» ойыны арқылы және білім алушыларды топтастырып жұмыс жүргізудің көмегімен білім алушыларға қойылған сұрақтар талқыланды.
Ашық сабаққа кафедраның меңгерушісі т.ғ.к., қауым.профессор
С.Н. Апашева, ғылым магистрі, аға оқытушылар Таубаев Сейітхан Сазаханұлы, Қожабеков Нұржігіт, Момынқұл Нұрай қатысты. «1870-1914жж аралығындағы Ресей» тақырыбы бойынша толық ақпараттар алмастырылды. Сабақта Ресей империясының 3 императоры Александр ІІ, Александр ІІІ, Николай ІІ ішкі және сыртқы саясаттары, реформалары мен 1917 жылғы революцияларға алып келген тарихи оқиғаларға талдау жасалды. Осы оқиғаны яғни 1917 жылғы Қазан және Ақпан революцияларын болдырмаудың мүмкіндіктері тақырыбында тарихи болжам жасалып, тарихи диктант та жазылды. Оқу әдістемелік құрал жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер, плакат, презентация, ноутбук, интерактивті тақтамен жұмыс жасады. Сабаққа білім алушылар белсене қатысты. Ойын түрінде өтілген сабақта білім алушылардың қызығушылығын оята білген Айсұлу Асылқызы сабақты жоғары деңгейде өткізді.


