Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

2025-12-29

Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

Ж.А. Тәшенев университеті АҚ «Педагогикалық және гуманитарлық білім беру» факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының магистр оқытушысы Керімбек Ақерке Әсемқызы оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес 18 желтоқсан күні «Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасы психологиясы» пәнінен «Мектепке дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері» тақырыбында Пик-24-5к3, Пик-24-5к7, Пик-24-5к9 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – Студенттерге мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін нақты жағдайлар арқылы талдауды, педагогикалық тұрғыда дұрыс әрекет етуді үйрету.

 

Ашық сабаққа кафедра  п.ғ.к., доценті  Койшыбаева Н.И. қаысып 18.12.25ж. өткізілген кафедраның ғылым магистр оқытушы А.Ә.Керімбек «Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасы психологиясы» пәнінен «Мектепке дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері» тақырыбы бойынша 2 курс Пик 24-5к3, Пик 24-5к7, Пик 24-5к9 тобында ашық сабақ өткізді. Практика бойынша қойылған мақсат -міндеттер орындалды, сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақтың құрылымы оқу бағдарламасына толық сәйкес келіп мақсаттары мен күтілетін нәтижелері нақты айқындалды. Оқытушы мектепке дейігі және бастауыш мектеп балаларының өзара  байланыстарына толық сипаттама берді. Оқытушы мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқышыларының дамуына қысқаша сипаттама берді, қарым-қатынас ерекшеліктерін  толық көрсете  алды. Практика барысында тақырып бойынша презентация ұсынылды, пікір-талас әдісі қолданылды.

Кафедраның аға оқытушы А.Сарсекенова  А.Ә.Керімбектің өткізген «Мектепке дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері» тақырыбы бойынша өткен ашық сабағына сипаттма берді: Сабақтың мақсаты мен міндеттері нақты қойылып, мазмұны тақырыпқа толық сәйкес келді. Оқытушы теория мен практиканы тиімді ұштастыра отырып, студенттердің жас ерекшеліктері психологиясы жөніндегі білімдерін жүйелі түрде тереңдетті. Сабақ барысында белсенді оқыту әдістері (топтық жұмыс, кейс-талдау, пікір алмасу, сұрақ-жауап) орынды қолданылып, студенттердің танымдық қызығушылығы мен белсенділігі артты. Оқытушы студенттермен кері байланысты үздіксіз жүргізіп, олардың ойларын еркін жеткізуіне қолайлы психологиялық орта қалыптастырды.

           Кафедраның п.ғ.к., аға оқытушы Г.А.Жапбарова  А.Ә.Керімбектің өткізген «Мектепке дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері» тақырыбы бойынша өткен ашық сабағына сипаттма берді: «Сабақ  жоғары деңгейде өткізілді, сұрақтар толық қарастырылды. Оқытушы студенттермен кері байланыс орнатып, олардың ойлау, талдау пікір талас қабілеттерін көрсете алды. А.Керімбек студенттердің өзара қарым-қатынас ерекшеліктері туралы ғылыми түсінік қалыптастырып, әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын дамыту жолдарын көрсетті. Оқу материалы ғылыми тұрғыдан дәл, түсінікті және кәсіби тілде ұсынылды. Көрнекі құралдар мен презентация сабақ мазмұнын ашуға көмектесіп, ақпараттың қабылдануын жеңілдетті. Бағалау критерийлері алдын ала анықталып, студенттердің жұмысы әділ және айқын бағаланды. Жалпы ашық сабақ кәсіби құзыреттілік пен педагогикалық шеберліктің көрінсі  болды. «Мектепке дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері» тақырыбы бойынша өткізілген лекция жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, мақсатқа толықтай қол жеткізілдіСтуденттердің пікір алмасуы, сұрақ-жауап кезеңіндегі белсенділігі олардың тақырыпты терең меңгергенін көрсетті. Жалпы алғанда, ашық сабақ мазмұнының өзектілігімен, құрылымының логикалылығымен және оқытушының кәсіби шеберлігімен ерекшеленеді. Бұл сабақ болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға елеулі үлес қосты деп бағаланады.