Ж. Ташенев университетінде әзірленген оқыту әдістемесі студенттердің үлгерімін 23%-ға арттырды
background

Ж. Ташенев университетінде әзірленген оқыту әдістемесі студенттердің үлгерімін 23%-ға арттырды

Медиатека / Scopus мақалалары / Ж. Ташенев университетінде әзірленген оқыту әдістемесі студенттердің үлгерімін 23%-ға арттырды

International Journal of Information and Education Technology журналында кафедрамыздың оқытушылары — т.ғ.к. С. Ботаева мен профессор Ж. Умарова — SAMR моделіне және цифрлық құралдарға негізделген білім беру тәсілін таныстырды.

Зерттеуге Қазақстан, Польша, Малайзия және Түркия елдерінен 1200 студент қатысты. Нәтижесінде студенттердің үлгерімі орта есеппен 23%-ға артқаны анықталды, әсіресе күрделі тапсырмаларды орындауда.

Бұл әдістеме:

·  сабақтарды цифрлық ортаға бейімдеуге,

·  бағалауды автоматтандыруға,

·  күрделі ұғымдарды көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу негізінде мұғалімдерге арналған мобильді қосымша мен цифрлық шаблондар жасалды. Түркістан облысындағы 10 мектепте пилоттық жоба басталмақ

Ботаева Сауле Байзаховна · Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кондидаты, доцент

Умарова Жанат Рысбаевна - Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент)

International Journal of Information and Education Technology, Vol. 15, No. 4, 2025. рр. 760-766, (CiteScore 2023: 2.8, Q3, Percentile Computer Science Applications - 40%)  https://www.ijiet.org/vol15/IJIET-V15N4-2281.pdf  

https://doi.org/10.18178/ijiet.2025.15.4.2281