Ж.А.Тәшенев атындағы университеті және «Москва педагогикалық мемлекеттік университетінің Покров филиалының ғалымдары арасында телемост өтті.
background

Ж.А.Тәшенев атындағы университеті және «Москва педагогикалық мемлекеттік университетінің Покров филиалының ғалымдары арасында телемост өтті.

2026-09-16

Медиатека / Жаңалықтар / Ж.А.Тәшенев атындағы университеті және «Москва педагогикалық мемлекеттік университетінің Покров филиалының ғалымдары арасында телемост өтті.

Ж.А.Тәшенев атындағы университеті және «Москва педагогикалық мемлекеттік университетінің Покров филиалының ғалымдары арасында телемост өтті.

16 -17 қыркүйек 2026 жылы Ж.А.Тәшенев атындағы университеті «Әлем тілдері» кафедрасы «Москва педагогикалық мемлекеттік университетінің Покров филиалының ұйымдастыруымен өткен «Тіл және ойлау: психологиялық және лингвистикалық аспектілер» атты XXVI халықаралық ғылыми конференциясының жұмысына қатысып, кафедра профессор-оқытушылар құрамы, 7М01702- «Шетел тілдері: екі шетел тілдері педагогтерін даярлау» БББ-ның магистранттары мен 6В01703 -«Шетел тілдері: екі шетел тілдері мұғалімдерін даярлау» және 6В01707- «Шетел тілдері (ІР)» БББ-ның білім алушыларының қатысуымен телекөпір өткізді. Телекөпір барысында 2025-2027 жылдары ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті гранттық қаржыландыратын АР 26197519 «Интеграция цифровых технологий и геймификации в обучении иностранному языку на основе искусственного интеллекта: Новые горизонты языковой компетенции» атты ғылыми жоба жетекшісі, PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Фазила Ілмарқызы Артықбаева мен жобаның аға ғылыми қызметкері Гулдар Исмайлқызы Турсынова «Интеграция искусственного интеллекта в персонализированное игровое обучение: психологические механизмы становления учебной самостоятельности при освоении иностранных языков» тақырыбына мақала оқып, ғылыми жоба нәтижелерін шетелдік әріптестермен бөлісті. Мақаладан соң ғалымдар арасында жасанды интеллект оқытушының орнын алмастыра ала ма деген қызу пікірталас болды. Телекөпір жас ғалымдар мен білім алушылардың ғылымға деген ынтасын арттырды.