Тулеумбет Мөлдір Мұратбекқызы «Табиғат және қоғам» пәнінен «Қазақстанның қорғалатын табиғи аумақтары: биосфералық қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
background

Тулеумбет Мөлдір Мұратбекқызы «Табиғат және қоғам» пәнінен «Қазақстанның қорғалатын табиғи аумақтары: биосфералық қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026-04-30

Медиатека / Жаңалықтар / Тулеумбет Мөлдір Мұратбекқызы «Табиғат және қоғам» пәнінен «Қазақстанның қорғалатын табиғи аумақтары: биосфералық қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ж.А. Тәшенев университеті АҚ «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» институты, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының магистр, оқытушысы Тулеумбет Мөлдір Мұратбекқызы оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес «Табиғат және қоғам» пәнінен «Қазақстанның қорғалатын табиғи аумақтары: биосфералық қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар» тақырыбында Пик-25-5к6 тобы студенттерімен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – студенттерге Қазақстандағы қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері, олардың табиғатты қорғаудағы маңызы мен ерекшеліктері туралы білім беру, табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру.

Ашық сабаққа кафедраның PhD аға оқытушысы Ризаева Луиза қатысып, өткізілген сабаққа оң бағасын берді. Сабақ барысында қойылған мақсат-міндеттер толық орындалып, оқу бағдарламасына сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сабақтың құрылымы логикалық жүйемен құрылып, күтілетін нәтижелер нақты айқындалды. Оқытушы Қазақстандағы биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар және ұлттық табиғи саябақтар туралы толық мәлімет беріп, олардың табиғатты сақтаудағы рөліне жан-жақты тоқталды. Сабақ барысында тақырыпқа сәйкес презентация ұсынылып, сұрақ-жауап, пікір алмасу және талдау әдістері тиімді қолданылды.

Кафедраның оқытушысы Қ.Серикбаева  ашық сабаққа төмендегідей сипаттама берді: «Сабақтың мақсаты мен міндеттері нақты қойылып, мазмұны тақырыпқа толық сәйкес келді. Оқытушы теориялық білім мен практикалық мысалдарды тиімді ұштастыра отырып, студенттердің қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі білімдерін жүйелі түрде тереңдетті. Сабақ барысында белсенді оқыту әдістері орынды қолданылып, студенттердің танымдық белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы артты. Студенттер табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы өз пікірлерін еркін білдіріп, тапсырмалар орындауда жоғары белсенділік танытты».

Кафедраның оқытушысы Б.Иса ашық сабаққа мынадай пікір білдірді: «Сабақ жоғары деңгейде өткізілді, тақырып жан-жақты ашылды. Оқытушы студенттермен тиімді кері байланыс орнатып, олардың талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасады. Қазақстандағы қорықтар мен ұлттық саябақтардың табиғи байлықтарды сақтаудағы рөлі ғылыми тұрғыдан дәл әрі түсінікті түрде түсіндірілді. Көрнекі құралдар мен презентациялық материалдар сабақ мазмұнын толық ашып, ақпаратты қабылдауды жеңілдетті. Бағалау критерийлері нақты анықталып, студенттердің жұмыстары әділ бағаланды».

Жалпы алғанда, «Қазақстанның қорғалатын табиғи аумақтары: биосфералық қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар» тақырыбындағы ашық сабақ жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсаттарға толық қол жеткізілді. Студенттердің сабақтағы белсенділігі, сұрақтарға берген жауаптары мен пікір алмасуға қатысуы олардың тақырыпты жақсы меңгергендігін көрсетті. Ашық сабақ мазмұнының өзектілігімен, құрылымының жүйелілігімен және оқытушының кәсіби шеберлігімен ерекшеленді.