Аяпова Бақыт Алишерқызы «Мектепке дейінгі мекемелерде көркем еңбекті оқыту әдістемесі» пәні аясында ашық сабақ өткізді.
2025-11-13
2025 жылғы 13 қарашада кафедраның магистр, аға оқытушысы Б.А.Аяпова «Мектепке дейінгі мекемелерде көркем еңбекті оқыту әдістемесі» пәні аясында Пик 23-6к оқу тобына «Материалдар мен еңбек әрекетіне сипаттама, бұйымдар жасау технологиясы. Қағазбен жұмыс әдістері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты мен мазмұны пән бағдарламасына толық сәйкес жоспарланып, оқу нәтижелеріне бағытталған. Теориялық мәлімет пен практикалық тапсырмалар өзара үйлестіріліп, студенттердің кәсіби даярлығын қалыптастыруға жағдай жасалды.
Сабақ барысында оқытушы көркем еңбекке қажетті материалдар түрлері, олардың қасиеттері, қағазбен жұмыс тәсілдері, бұйымдар дайындаудың кезеңдік технологиясы туралы мазмұнды ақпарат берді. Студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті әдістер қолданылып, практикалық жұмыстар орындатылды.
Оқытушы сабақта презентация, көрнекілік үлгілер, практикалық демонстрациялар пайдаланды. Студенттермен тиімді диалог орнап, әрбір орындалған әрекетке талдау жасалды. Қағазды бүктеу, қию, жырту, жабыстыру тәсілдері іс жүзінде көрсетіліп, олардың еңбек дағдылары қалыптасты.
Доцент З.К.Керімбаева ашық сабаққа жасалған талдауында сабақтың әдістемелік тұрғыдан мазмұнды ұйымдастырылғанын атап өтті. Студенттердің белсенді қатысуы, тапсырмаларды меңгеру деңгейі және олардың сабақтағы қызығушылығы жоғары бағаланды.
Оқытушының кәсіби шеберлігі, материалды жан-жақты түсіндіруі, практикалық жұмысты сауатты ұйымдастыруы ашық сабақтың сапасын арттырғаны ерекше айтылды. Сабақ ЖОО-ның әдістемелік талаптарына сай өткізілді.
