Аяпова Бақыт Алишерқызы «Мектепке дейінгі балалардың музыкаға оқыту әдістемесі» пәнінен практикалық ашық сабақ өткізді.
2026-04-16
Ж.А. Тәшенев университеті АҚ «Педагогикалық және фаратылыстану ғылымдары» институты, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушысы Аяпова Бақыт Алишерқызы 16.04.2026 ж. сағат 11:30-да ПИК 23-6к оқу тобында «Мектепке дейінгі балалардың музыкаға оқыту әдістемесі» пәнінен «Музыкалық аспаптарды қолдана отырып, музыкалық ойындар өткізу» тақырыбында практикалық ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуда музыкалық аспаптарды тиімді қолдану жолдары көрсетіліп, музыкалық ойындарды ұйымдастыру әдістемесі қарастырылды. Студенттер сылдырмақ, барабан, қоңырау, маракас, үшбұрыш секілді қарапайым музыкалық аспаптарды қолдану арқылы балалардың есту қабілетін, ырғақ сезімін және шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар орындады.
Ашық сабақ барысында болашақ мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің музыкалық-шығармашылық әрекеттерді ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Студенттер музыкалық ойын түрлерін талдап, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойындарды жоспарлау және өткізу жолдарын меңгерді. Сабақта топтық жұмыс, тәжірибелік тапсырмалар, пікір алмасу және шығармашылық жаттығулар тиімді қолданылды.
Практикалық ашық сабақ барысында алға қойылған мақсат-міндеттер толық орындалып, сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сабақтың құрылымы оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылып, мақсаты мен күтілетін нәтижелері нақты айқындалды. Ашық сабаққа сәйкес презентациялық материалдар ұсынылып, музыкалық ойындарды өткізу әдістері тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, философия докторы (PhD) Г.О. Амирова, магистр, аға оқытушы А. Мырзакулова қатысты.
Кафедра меңгерушісі Амирова Г.О. «Музыкалық аспаптарды қолдана отырып, музыкалық ойындар өткізу» тақырыбындағы ашық сабаққа сипаттама берді: Сабақтың мақсаты мен міндеттері нақты айқындалып, оқу материалы пән мазмұнына сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылды. Оқытушы теориялық білімді практикалық әрекеттермен байланыстыра отырып, студенттердің мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие беру әдістемесі бойынша білімдерін жетілдіруге ықпал етті.
Сабақ барысында белсенді оқыту әдістері, топтық жұмыс, музыкалық тапсырмалар және тәжірибелік жаттығулар тиімді қолданылып, білім алушылардың оқу үдерісіне қызығушылығы мен белсенділігі артты. Оқытушы студенттермен тұрақты кері байланыс орнатып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.
Өткізілген ашық сабақ болашақ мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің музыкалық-әдістемелік құзыреттіліктерін дамытуға, балалармен музыкалық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
