ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ TASHENEV UNIVERSITY-ДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ IT-ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ
2026-04-07
Медиатека / Жаңалықтар / ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ TASHENEV UNIVERSITY-ДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ IT-ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ
Іссапар аясында Tashenev AI Lab жасанды интеллект зертханасы таныстырылды. Бұл – жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайтын, цифрлық және инженерлік технологиялардың озық бағыттарын біріктірген, болашақ мамандарды даярлауға арналған жаңа буыны тұтас білім беру және технологиялық экожүйе.
Тек жабдықтар жиынтығы емес, барлық элементті өзара ықпалдасқан бірыңғай платформа саналатын зертханада гуманоид-робот, дрон-футбол, дрон-логистика, дрондарды басқару симуляторы, жасанды интеллект тьюторымен VR-химия, голограммалар мен AI-агенттер, Big Data және ситуациялық орталық, 3D-басып шығару және ЧПУ орталығы біріктірілген. Бұл шешімдер теориялық білімнен нақты инженерлік жобалар жасауға көшуге мүмкіндік беріп, цифрлық экономиканың заманауи талаптарына толық сәйкес келеді.
Жұмыс сапары барысында мегаполис басшысына университеттің өз жобалары таныстырылып, зертхананың тәжірибелік бағытына ерекше назар аударылды. Олардың қатарында дрон технологиялары мен автономды жүйелер саласындағы әзірлемелер, Smart City-ге арналған дрон-логистика шешімдері, сондай-ақ, виртуалды әлем мен заманауи цифрлық құралдарды қолдану арқылы химияны оқытудың инновациялық әдістері бар. Бұл тәсілдер қауіпсіз, интерактивті әрі жекелендірілген тәжірибелер жүргізуге мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша Ғабит Сыздықбеков ұсынылған жобалардың қолданбалы сипатын, технологиялық өзектілігін және ауқымдау әлеуетін жоғары бағалап, мұндай бастамалардың IT саласын дамытудағы, адами капиталды қалыптастырудағы және Шымкенттің мәртебесін нығайтудағы маңызын атап өтті.
Кездесу аясында басқарма төрағасы, академик, педагогика ғылымдарының докторы Оңалбай Аяшев және университет ректоры Қанат Байболов қала әкіміне Shymkent City шағынауданында салу жоспарланып отырған жаңа заманауи оқу ғимаратының жобасын таныстырды. Бұл жоба білім беру инфрақұрылымын кеңейтудің, озық оқыту технологияларын енгізудің және университетті өңірдің инновациялық орталығы ретінде одан әрі дамытудың маңызды кезеңі болмақ.
Tashenev AI Lab жобаларын іске асыру және жаңа инфрақұрылымды дамыту жоғары білімнің заманауи моделін көрсетеді. Бұл модельде студенттер тек білім алушы емес, инновациялық шешімдерді жасаушы, цифрлық экономиканы және қоғамды трансформациялау үдерістеріне белсенді қатысушы тұлға ретінде қалыптасады.







