Кеңсе

Жәнібекова Ақбота Бекмырзақызы

Бөлім меңгерушісі

Телефон: 8(72534)6-14-63, 87028192747

✉ E-mail: sirdariya@mai.ru

«Сырдария» университетінің Кеңсе меңгерушісі қызметкер санатына жатады. 

Кеңсе бөлімі университетке келіп түскен барлық іс-құжаттарды тіркеуге алады және университеттен шығатын іс-құжаттардың рәсімделгенін тексереді, орындалғандығын қадағалайды, сақталынуына жауап береді.

Өз қызметінде меңгеруші ҚР заңнамаларын, оның ішінде «Еңбек Кодексі”, “Білім туралы” заңдарды; университет Жарғысы, ішкі тәртіп туралы стандарт, университет ректорының бұйрығы мен өкімдерін, жұмыс орындау мәселелері бойынша нормативтік құжаттар және методикалық материалдарды басшылыққа алады.

Кеңсе бөлім меңгерушісі университет ректорының бұйрығымен қызметке қабылданады және қызметінен босатылады.
Кеңсе бөлім меңгерушісі тікелей университет ректорына бағынады.

БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
Кеңсе меңгерушісі қызметіне жоғары білімі бар және еңбек өтілі 3 жылдан кем емес тұлға тағайындалады.

Кеңсе меңгерушісі білуге тиіс:
- ҚР “Білім туралы”заңын 
- Еңбекті ұйымдастыру негіздерін;
- Еңбек заңдарының негіздерін;
- іс жүргізу туралы нормативтік құқықтық актілер, ережелер, нұсқаулар, басқа жетекші материалдар және құжаттарды;
- іс жүргізу туралы құжаттардың нысандарын;
- құжаттарды қабылдау, тарату және сақтау Ережелерін;
- кіріс және шығыс құжаттардың рәсімдеу тәртібін;
- университеттің ішкі тәртіп стандартын;
- еңбек қорғау ережелерін және нормаларын;
- кеңсе туралы ережелерді;
- осы қызметтік нұсқауды.
 
МІНДЕТТЕР
Кеңсе меңгерушісі міндетті:

- Университетке келіп түскен барлық іс-құжаттарды тіркеуге алуға;
- Университеттен шығатын іс-құжаттардың рәсімделгенін тексеріп, пошта арқылы жіберуге немесе колма-қол беруге;
- Өндірістік бұйрықтың жобасын дайындауға;
- Ведомстволық мұрағатқа өткізуге дейін істердің сақталынуын қамтамасыз етуге. 
- Құжаттардың уақытылы орындалуын қадағалауға;
- Университет басшысына қол қоюға апарылатын құжаттардың дайындалуының, дұрыс құрастырылуының, келісілуінің, бекітілуінің сапасын қадағалауға;
- Өз жұмысын жоспарлауға және ұйымдастыруға;
- Бөлімнің құжаттарын ретімен және номенклатураға сәйкес сақталуын қадағалауға;
- Қызметтік ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге;
- Қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауға;
- Қызметтік этиканы сақтауға.
- Құжаттардың электрондық нұсқасын сақтауға.
 

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары