ВАКЦИНАЛАР МЕН ИММУНДАУ: ВАКЦИНАЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
- 1 view
7-қазан күні университетте аудандық орталық емханасының жұқпалы аурулар дәрігері Байзакова Калбике Мынбаевна білім алушылармен кездесті.
Кездесу тақырыбы: "Вакциналар мен иммундау: вакцинация дегеніміз не?"
Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Сламбекова З.А. сөзінде университет қабырғасында да, бүкіл Қазақстан да ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, барлық білім алушылардың COVID-19 мәселесіне саналы түрде қарау қажеттілігін айтты.
Дәрігер Байзакова К.М. вакцинаның маңызды практикалық аспектілері туралы айтып, оның ерекше маңыздылығын атап өтті.
Білім алушылар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.