"СЫРДАРИЯ" УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГТІҢ ҮЗДІКТЕРІ САПЫНДА
- 1 view
"ҚР ЖОО-на деген сұранысының ұлттық рейтингі – 2019" бойынша аккредиттелуге елімізде қатысқан 87 жоғары оқу орны арасында үздік деп танылған "ТОП-20" басты рейтингісінің нәтижесінде "Сырдария" университеті 16-орынды иеленіп отыр. Бұл, әрине, еліміздегі ЖОО арасындағы беделіміздің көрсеткіші деуімізге болады.
Жоғары оқу орнының бәсекелі артықшылығының маңызды факторы — білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарықтардағы беделі. Бүгінгі таңда рейтингтер әлемдік білім беру нарығының негізгі барометрлерінің және әлеуметтік артықшылықтарды қалыптастыру құралдарының біріне айналды.
Рейтингтер мен оларды мойындау білім беру жүйесін дамыту және білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру, білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі, кәсіпкерлікті және жалпы ұлттық экономиканы дамыту тұрғысынан біздің елімізде ерекше маңызға ие.
ЖОО-ның рейтингі бұл жоғары оқу орнының бәсекелестік артықшылықтарын анықтауға, оның беделін арттыруға және білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарығында имиджін көтеруге мүмкіндік береді.
Рейтинг – бұл жоғары оқу орындарының танымалдық дәрежесі, стейкхолдерлер тарапынан сенім және әлемдік білім беру кеңістігін жаһандық даму жағдайында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тиімділігі.
Ұлттық рейтинг жоғары оқу орындарында қоғамды ақпараттандыруға, өздерінің білім беру бағдарламаларын ілгерілетуге, білім алушыларды көбірек тартуға, ең бастысы – білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарының рейтингі білім беру жүйесінің маңызды құралы болып табылады және Республика жұртшылығына әрдайым үлкен қызығушылық тудырады.
2018 жылдан бастап жоғары оқу орындарының сұраныстарын есепке ала отырып, сандық есептеу әдістеріне негізделген ҚР ЖОО-ның "ТОП-20" Жалпы рейтингі жүргізілуде. Биылғы жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Республиканың "ЖОО-на деген сұранысының ұлттық рейтингін" өткізді. Бұл жоғары оқу орындарын саралау және ақпарат көздерінің ашықтығы, объективтілігі, тексерілуі және қол жетімділігі сияқты Берлин қағидаттарының сақталуына негізделген.
Қазақстандық қоғамды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері цифрландыру және технологиялық өзгерістерді жеделдету, жоғары білім берудің трансформациясы үшін елеулі қиындықтар тудыратын жаңа қызмет бағыттары мен жаңа мамандықтардың пайда болуына әкеледі. 2018 жылғы 4 шілдеде қабылданған "Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес академиялық еркіндік пен басқарудың тәуелсіздігі тұрғысынан білім сапасын арттыру республикалық ЖОО-ның басты саясаты болып табылады. Сондықтан түлектердің жұмысқа орналасуы жоғары мектептің басты басымдығы болып табылады. ҚР БҒМ талаптарына сәйкес, еліміздің ЖОО "болашақ мамандықтарды" ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жаңартуға, білім алушылардың жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін қанағаттандыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасына жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Республиканың жоғары оқу орындары қызметінің маңызды бағыты – бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады, бұл олардың өсу серпінін көрсетеді.
"ҚР ЖОО-на деген сұранысының ұлттық рейтингі – 2019" республиканың жоғары оқу орындарының ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың алуан түрлілігін ескереді. Рейтингтік зерттеу – мамандарды даярлаудың деңгейлері мен бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ететін және қазақстандық жұртшылықты Білім беру сапасының нарық талаптарына сәйкестік дәрежесі, оқытушылардың танылуы және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін сапаны арттыру мақсатында жүргізіледі.
Жоғары оқу орындары білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мәдениетін ілгерілетуге және трансұлттық білім беруді дамытуға бағытталған. Білім беру сапасы – елдің тұрақты өсуінің негізгі индикаторы ретінде тұрақты бағалауды талап етеді. Білім беру сапасын қамтамасыз ету деңгейінің өлшеуіші ретінде АРТА өткізетін Рейтингі ЭЫДҰ елдерінің талаптарына сәйкес келуге мүмкіндік береді және ЖОО-ның халықаралық білім беру кеңістігіне шығуына ықпал етеді. Бұл біздің мемлекетіміздің әлемдегі ең дамыған 30-дықтың қатарына кіру жолындағы маңызды қадам.
Жыл сайын Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі өткізетін рейтингтік зерттеулер жоғары оқу орындарының негізгі міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған – түлектердің дайындығы мен бәсекеге қабілеттігін арттыру және білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады. 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін АРТА/IAAR рейтингтік зерттеулерінің мониторингі жоғары оқу орындарының сапалы көрсеткіштерінің тұрақты өсуін атап өтуде: Білім беру бағдарламаларының жақсаруы, профессор-оқытушылар құрамының әлеуетін дамыту, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықтың кеңеюі, сондай-ақ жоғары оқу орындарының кадрларды даярлау үшін ғана емес, сонымен қатар, еңбек нарығында түлектердің сұранысқа ие болуы.
ҚР ЖОО-ның "ТОП-20" Жалпы рейтингі білім беру бағдарламаларының барлық бағыттары мен деңгейлері (бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша жиналған жиынтық балл негізінде анықталады.
"ҚР ЖОО-на деген сұранысының ұлттық рейтингі – 2019" бойынша аккредиттелуге еліміздің 87 жоғары оқу орны қатысты. Бұл ретте жоғары оқу орындарын ранжирлеуді жүргізудің ерекше қиындығы зерттеу үшін талап етілетін өзекті және ең басты шынайы деректерді алу және өңдеу болды. Сондықтан, дұрыс емес ақпарат беруге байланысты 28 жоғары оқу орны қабылданбады. Рейтингке қатысушы болған жоғары оқу орындарын іріктеу үшін біліктілік талаптары қолданылды. Осылайша, қалған жоғары оқу орындары ранжирлеуге қатысу үшін барлық талаптарды орындады: ұлттық университеттер – 8, мемлекеттік – 21, акционерлік – 10 және жеке – 20.
Жыл сайын, жоғары оқу орындарының АРТА/IAAR өткізетін рейтингке қатысуға қызығушылығы мен сенімі артып келеді және бұл "ЖОО-на деген сұранысының ұлттық рейтингі" білім сапасын бағалауға және оның даму серпінін көрсетуге; жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстан Республикасы білім беру секторының экспорттық әлеуетінің өсуін қатамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осылайша, жыл сайын өткізілетін АРТА/IAAR жоғары оқу орындарының мониторингі республиканың білім беру ұйымдарына білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге және арттыруға және әрі қарай білім беру кеңістігінің халықаралық деңгейіне шығуға ықпал етуде.
"Сырдария" университетінің ұжымын рейтингке қатысып, жақсы нәтижеге жеткені үшін құттықтаймыз!
Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тəуелсіз агенттігі (БСҚБТА) еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының биылғы ұлттық рейтингін жариялады.
Білім сапасын қамсыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі жүргізген Қазақстанның үздік көпсалалы ЖОО 2019 жылғы Ұлттық рейтингінде "Сырдария" университеті он алтыншы орынға табан тіреді.
Білім беру саласындағы рейтинг сапасына қазіргі таңда қойылатын талаптар өсуде, өйткені университеттердің рейтингі талапкерлердің ЖОО таңдауына ықпал жасайтын басты фактор болып отыр. Сондықтан рейтинг осы замандағы үлкен ақпараттық, соның ішінде жарнамалық бағытта, жастарға өз таңдауын дұрыс қалап алуға көмектеседі. БСҚБТА Ұлттық рейтингінің әдіснамасы халықаралық сарапшылармен мақұлданған және жоғары сапа мен академиялық талдау обсерваториясы – IREG Берлин қағидаттарында көрсетілген стандарттарға сәйкес келеді. Ол туралы Еуропа және Шанхай жоғары оқу орындарының рейтингтері бойынша өткізілген халықаралық конференцияларда бірнеше рет баяндалған болатын. БСҚА Ұлттық рейтингі көпөлшемді рейтинг болып саналады немесе оны басты рейтинг деп атайды, себебі ол үш құрастырушы: 1, 2 және 3 сауалнамадан тұрады.
БСҚБТА Ұлттық рейтингі көпөлшемді рейтинг болып саналады. Онда студенттер контингенті мен құрамы, олардың білім нəтижелері, профессорлық-оқытушылар құрамы қызметінің сапасы басты көрсеткішке айналады. Сонымен бірге, сарапшы-мамандар ЖОО-ның ғылыми жəне инновациялық қызметі, халықаралық ынтымақтастығын қамтитын академиялық статистикалық индикаторлар және интернеттегі ақпараттық көрсеткіштерге баса назар аударады.
Қорыта айтқанда, "Сырдария" университетінің білім саласында осындай нәтиже көрсетуі жақсы жетістік. Алдағы уақытта университетіміз бұдан да үлкен жоғары белестерді бағындырады деген мақсаттамыз.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет