Рухани тұлға

Мәшһүр Жүсіп атамыздың «егер адам анасынан бір рет туып, сол деңгейде қалып қойса, жабайы жүректі, тар ауданды болып өмір сүреді. Екінші рет қайта туып, нәпсі мен шайтанның арасын бұзып өтіп рухани тұлға ретінде екінші рет дүниеге келуі керек» - деген сөзі санаға сансыз ойларды шоғырландырады.

Сонда біздің өмірге бір рет келуіміз Абай атамызша айтқанда "Өзі үлкен қылығы бала шаға" деген сөздегі кейіпкер ретінде өмір сүруіміз болып тұр ғой. Ал, Мәшһүрше "тар аудан, жабайы жүрекпен" өмір сүруіміз пәни жалғанға статистика үшін келіп кеткен бір жан мен тән иесі болып қалады екенбіз. Ал жан мен тәнді Абай атамыз:
"Малда да бар жан мен тән,
Ақыл, сезім болмаса"
-деп бағамдайды. Өмірге рухани болмыс ретінде қайта туылу "нұрлы ақыл, ыстық қайраттың" қызметімен жүзеге асатындығын және сол арқылы нәпсі мен шайтаның арасын бұзып өтуге болатындығын меңзейді. 
Демек рухани тұлға ретінде өмірге екінші рет қайта келуге мүміндік бар екен.

Мұндағы ерекшелік адамның өзінің шешіміне байланысты болып тұр.

Дәл қазіргі минуттағы уақытың рухани қазына іздеуге жұмсалып отыр ма, жоқ әлде бос өткізуге ме?

Бізді анамыз тоғыз ай тоғыз күнде қаншама қиындықты, ұйқысыз түндерді, ауырлық пен ауыртпалықты жеңіп өмірге әкелген болса, біздің рухани тұлға ретінде өмірге қайта келуіміз үшін нәпсіні жеңуіміз керек екен.
"Нәпсі дер рухсыз жандарды, 

Мейлі адам, мейлі аңдарды"-деген Шәкәрім атамыздың өлең жолдары да сөзімізге дөп келіп тұрғандай. 

 

Автор: Нұржан Сапарханұлы
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары