"Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау" орталығы ашылды

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ҚОЛДАУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Орталық психологиялық, тренингтік қызмет көрсетеді. Орталық құрамында психологиялық жоғары білімді ғалым мамандар, практик психологтар бар.

Орталықтың негізгі жұмыс бағыттары:

  • психологиялық кеңес беру
  • психотерапиялық көмек көрсету
  • психологиялық тренингтер
  • психотерапиялық тренингтер
  • семинарлар
  • шеберлік сабақтары
  • дәрістер.

Ғылыми  бағыттағы іс-әрекеті: Әлеуметтік-психологиялық зерттеулер.

Оқыту курстары:

  • Арт-терапия бағыттары бойынша оқыту курстары
  • Жас ерекшелік психологиясы
  • Құм терапиясы
  • Менеджерлерге арналған сату тренингтері

Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.

Психологиялық қызметтің міндеттері:
1.Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру.  
2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.

Психологтың міндеттері:
1. Жұмыс барысында ҚР БжҒМ бекіткен нормативтік актілерге, құжаттарға, бұйрықтарға негізделуі керек.
2. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, өз іс-әрекетінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдану.
3.  Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында негізге алуы керек.
4. Колледждегі құжаттарға психологиялық талдау жасауы керек (тәрбиелеу жоспарлары, оқыту бағдарламалары, педагогикалық кеңестің шешімдері және т.б.).
5. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық  қатынастарға өз бақылауында ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім-әкімшілік, мұғалім-мұғалім, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы).
6. Психологиялық құжаттарды ерікті формада жүйелі түрде жүргізіп сақтауы керек (диск, магнитофондық жазбалар және т.б.).
7. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге жарияламауы керек.
 

1

 

Теги:

Оқиға категориялары