"Музыкалық білім" кафедрасы

Бори Иса

кафедра меңгерушісі, профессор, ҚР мәдениет қайраткері

Кафедра 6В01402-"Музыка мұғалімдерін даярлау" бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды

Кафедра тарихы

"Музыкалық білім" кафедрасы 1996 жылы құрылған, негізінен музыка пәнінің педагогтарын даярлайды. Кафедраның ең алғашқы меңгерушісі – ҚР мәдениет қайраткері, профессор Бөрі Иса.
"Музыкалық білім" кафедрасын 2001-2004 жылдар аралығында педагогика ғылымдарының кандидаты Утешева Әлия Жәлелқызы, 2004-2005 жылдары ҚР мәдениет қайраткері, доцент Байбаланова Меруерт Әлдибекқызы басқарса, қазіргі таңда кафедраны ҚР мәдениет қайраткері, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, профессор Бөрі Иса басқаруда.
Кафедрада 16 профессор – оқытушы жұмыс істейді.
Олардың құрамында: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.Ш.Сыдықова, педагогика ғылымдарының кандидаттары, доценттер Ә.Ж.Утешева, Б.С.Утемұратова, А.Ш. Қожахметовалар, ҚР мәдениет қайраткері, профессор Бөрі Иса, университет доценттері - Ө.П.Пұшпанов, А.Ш. Алимова, Р.К. Ділдәбекова, Т.С. Августанович, аға оқытушылар - Г.Ж. Қаракүшікова, Е.О. Әбілбашаров, Г.Ж. Барболова, А.А. Дәрменшеева, оқытушылар – Қ.М. Жолдыбаева, М.М. Шамсуллин, М.Т. Құттыбаева, Ә.Ә. Мырзахметова бар.
Кафедра оқытушылар құрамының базалық білімдері бар.

1

Кафедра өмірі

"Музыкалық білім" кафедрасына қарасты кабинетердің барлығы дерлік тиісті әдістемелік оқулықтар мен, көрнекі-құралдар, аспаптар, және жиhаздармен жабдықталған.

Кафедра мүшелері жалпы музыкалық білім және музыкатану ғылым салалары бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстар жүргізуде.
Сонымен бірге студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды. Кафедра мүшелері бірнеше оқу, оқу-әдістемелік құралдар, кредиттік технология жүйесіне негізделген оқу-әдістемелік кешендер (силлабус), пәндердің әдістемелік нұсқаулары, лекция жинақтары, ОБСӨЖ мәтіндері мен электронды оқулықтар т.б. әдістемелік құралдар жасады.

"Музыкалық білім" кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, мәдениет салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды және болашақ әнші – күйшілерді даярлауда аянбай еңбек етіп келеді.

Кафедраның барлық оқытушылары шығармашылық жұмыстармен айналысады және әр түрлі деңгейдегі Республикалық, халықаралық, облыстық, фестивальдардың лауреаттары. Атап айтар болсақ, профессор Бөрі Иса бірнеше Республикалық байқаулардың лауреаттары, аға оқытушы Г.Ж. Қаракүшікова Республикалық "Алмалы - 98" фестивалінің лауреаты, аға оқытушы Е.О.Әбілбашаров Атырау қаласында өткен Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына арнап өткізілген «Жебелі жеті күй» атты Республикалық байқаудың дипломанты.

 Профессор Бөрі Иса басқаратын "Жетісай сазы" ұлт-аспаптар оркестрі Ордабасы ауданында өткен Нұрғиса Тілендиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған "Аққу" фестивальінің бас жүлдесін, "Ауыл жылы" аясында өткізілген "Мақтарал мақтаныштары-2005" ұлттық өнер фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған.

Сонымен қатар, профессор Бөрі Исаның «Желтоқсан», «Алтын аймақ мекенім» атты ән-күйлер жинағы, «Жиделі Байсын», «Мерекелік күй», «Сағыныш», «Наурыз тойы», «Жеңіс жолы» атты күй-поэмалары Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жетекші оркестрлердің репертуарларынан орын алып отыр.
Студенттердің шығармашылық жұмыспен айналысуына "Жетісай сазы" ұлт-аспаптар оркестрі, «Назерке» бишілер тобы үлкен мүмкіндіктер жасап өз үлестерін қосып келуде. Сонымен қатар, бірнеше студенттеріміз оркестрдің, аталған бишілер тобының белді мүшелері болып табылады.

"Музыкалық білім" кафедрасының барлық оқытушылары "Жетісай сазы" ұлт-аспаптар оркестрінің мүшелері. Кафедра мүшелері факультет, университет, аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралардың барлығына белсене қатысып өз үлестерін қосып келуде.

"Музыкалық білім" мамандығының 4 курс, Муз-19 тобының студенті Жандарбекова Разия университет көлемінде ұйымдастырылған «Сырдария» аруы-2012 байқауына қатысып, «Шебер қыз» номинациясына ие болды. 4 курс Муз-19 тобының студенті Абдухаликов Құрманғазы І.Жансүгіров атындағы «Жетісу» мемлекеттік университетінде 11-13.04.2012 ж. өткен 5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығы «Негізгі музыкалық аспап» пәні бойынша IV Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысып, «Сүйемелдеуші шеберлігі үшін» номинациясын жеңіп алды.

«Музыкалық білім» мамандығын бітірген түлектер қазіргі таңда Қазақстанның Білім және ғылым саласының дамуына өз үлестерін қосуда. Атап айтар болсақ, Ахтанова Салтанат Көбейбекқызы педагогика ғылымдарының кандадиты, «Астана» университетінің «Педагогика және өнер» кафедрасының меңгерушісі, Жораева Әсия Бахадырқызы ҚР мәдениет қайраткері, Шардара саз мектебінің директоры.
Кафедра аға оқытушылары мен оқытушылары А.А.Дарменшеева, Г.Ж.Барболова М.М.Шамсуллин, Ә.Ә.Мырзахметовалар «Музыкалық білім» мамандығының түлектері.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары