"Тарих және география" кафедрасы
- 1 view
Апашева Сабира Нұрбайқызы
"Тарих және география" кафедрасының меңгерушісі
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
✆ Телефон: +7 701 370 97 91
✉ E-mail: k-tar-geo@tashenev.edu.kz
► Ашық сабақтар, соңғы іс-шаралар
- Кафедра туралы
-
«Тарих және география» кафедрасы - университетіміздегі алғашқы кафедралардың бірі. Ол білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды: «Тарих», «География», «География-Тарих». Біздің түлектеріміз білім саласында сұранысқа ие құзыретті тарихшылар мен географтарға айналады.
Отандық және шетелдік тарих кафедрасында студенттерге сапалы білім мен тәрбие беру үшін барлық жағдайлар жасалған. Ақпаратты іздеу мен өңдеу кезінде білімді қалыптастыруға ықпал ететін «Өркенет» үйірмесі бар: мұнда олар өткен мен қазіргі уақыттың байланысын орнатуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқушылардың ойлау және коммуникативті қабілеттерін дамытуға үйретеді.
Біз практикалық дағдыларға үлкен мән береміз. 2004 жылдан бастап кафедра студенттері мен оқытушылары Халықаралық «Археолог» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп, Мақтаарал аймағында орналасқан бұрын зерттелмеген ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде. Олар сонымен бірге Күлтөбе елді мекендері мен Ұтырлы қаласының тарихи зерттеулеріне қатысады. Кафедра мамандықтарының студенттері Республикалық студенттік пәндік олимпиадаларға қатысып өз бәсекелестерінің арасында үздік орындарды иеленіп келеді.
Оқытушылар құрамы мен студенттер жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары ғылыми конференциялардағы баяндамаларда көрініс табады және көптеген ғылыми басылымдарда жарияланады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы серіктес оқу орындарында - Тәжік педагогикалық институтында және М.К.Барскани атындағы Қырғызстанның Шығыс университетінде дәрістер оқиды. «Сырдария» университеті Германия, Египет, Испания, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің шетелдік ғалымдарын тәжірибе алмасу және отандық және шетелдік тарих кафедрасының студенттеріне сабақ өткізу үшін белсенді түрде тартады.
6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасында оқитын студенттерге тағылымды тәрбие, сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған.
Университеттің заманауи талапқа сай кітапханасында тарих пәндеріне арналған оқулықтар жеткілікті.
Университеттің орталық оқу залы, мерзімдік басылымдар және электронды оқулықтар залдары студенттердің шығармашылық шабытын, оқуға деген қызығушылығын оятып, олардың терең білім алуларына қолайлы мүмкіндіктер туғызады.
Кафедрада студенттердің тарих ғылымының өзекті мәселелерімен, өлкетану жұмыстарымен айналысуы үшін «Өркениет» үйірмесі құрылған. Үйірмеге «Тарих» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері қатысады. Үйірмеде студенттердің тарих ғылымымен, тарихи зерттеулердің жалпы құрылымымен, жазылу жолдары және ерекшеліктерімен таныстыру, мұрағат қорларымен жұмыс істеп, табылған түрлі жазбаша тарихи деректерді өзінің ғылыми жұмысына орынды, дұрыс пайдалану сияқты ғылыми дағдылар мен шеберліктерге үйретеді.
«Тарих» білім беру бағдарламасын бітірген түлектеріміздің еліміздің түкпір-түкпірінде әр салада ерен еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын мақтаныш тұтамыз. Мысалы, Тапиев Бақытжан – Елордасы Астанада Әділет министрлігінде, Жұмабаева Балнұр – Астана қалалық Прокуратурасында қызмет істейді. Қуанышбеков Бекарыс, Мырзантегі Марғұлан, Есенбеков Омар – Мақтаарал аудандық әкімшілігінде қызмет атқарады. Молдахмет Архат – Астана қаласындағы Ұлттық музейдің ғылыми қызметкері, Ерсариев Алтынбек - ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Ерте темір дәуірі археологиясы бөлімінің ғылыми қызметкері, Әміре Жақсыбай - Жетісай аудандық ТҮКШ бөлімінің жол секторының меңгерушісі қызметінде. Қазіргі таңда кафедрамыздың түлегі Шынтаев Нұрмахан – тарих мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантурада білімін шыңдауда.
Түлектеріміздің дені білім беру саласында абыройлы еңбек етіп келе жатыр. Олардың ішінде білім беру мекемелерін басқарып отырғандары да бар. Мысалы, Бекзатов Баянқұл – Ә.Жангелдин атындағы, Әбдіғали Дәуренбек – Қ.Аманжолов атындағы, Дехқанов Г. - Тұрсын Зада атындағы, Таленов Ербол – Қазыбек би атындағы жалпы орта мектептің директорлары болып қызмет атқарады. - Кафедра оқытушылары
-
Оқытушылар құрамы 15 адамнан тұрады, оның ішінде 3 ғылым кандидаты, 12 ғылым магистрі, 9 аға оқытушы. 3 оқытушы. Кафедра оқытушылары инновациялық технологияларды оқытуда белсенді қолданып, оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізуде. Зерттеу жұмыстары тұрақты негізде жүзеге асырылады. Оқытушылар халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, ғылыми мақалалары мен ізденістерін оқу материалдарында қолданып отырады.
«Тарих және география» кафедрасының ПОҚ тізімі- Апашева Сабира Нұрбайқызы
- Азизбекова Айжамал Сұлтанбекқызы - әлеуметтану магистр, аға оқытушы
- Мейірбеков Мырзабай Балтабаевич - тарих ғылымының кандидаты, аға оқытушы
- Зоржанова Айсұлу Асиловна - тарих магистрі, аға оқытушы
- Кашкинбаева Асем Тастемировна - тарих магистрі, аға оқытушы
- Кожабеков Нуржигит Абубакирович - философия магистрі, аға оқытушы
- Турумбетова Гульжан Абубакировна - тарих магистрі, аға оқытушы
- Шеримбаева Жибек Дүйсебаевна - саясаттану магистрі, аға оқытушы
- Рысбаева Сауле Жаксыбаевна - саяси ғылымдарының кандидаты
- Жүзжасарова А. тарих магистрі аға оқытушы
- Таубаев С.С. Тарих магистрі аға оқытушы
- Дүйсенбек С.Ж. Әлеуметтану магистрі аға оқытушы
- Әлайдар Ф.К. География магистрі оқытушы
- Момынқұл Н.М. География магистрі оқытушы
- Мекенбай Р.Т. Тарих магистрі, оқытушы
- Кафедраның білім беру бағдарламалары
-
Бакалавриат:
- 6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау / - 5В011400-Тарих;
- 6В01506-География мұғалімдерін даярлау / - 5В011600-География;
- 6В01509-География-тарих мұғалімдерін оқыту / - 5В012900-География-тарих
Магистратура
- 7M01601-Тарих мұғалімдерін даярлау / - 6М011400-Тарих
6В01601- «Тарих мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелері:
ОN9 – кәсіптік саладағы проблемалардың шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдау;
ОN10 - тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалау;
ОN11 – отандық, дүниежүзі тарихы кезеңдерін, оның ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларын, отан, әлем тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді жинақтап, талдай алу;
ОN12 – дереккөздерден алынған ақпараттарды тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жалпы заңдылықтарды анықтай отырып жіктеу, жүйелеу, талдау, тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалау.6В01506-«География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелері:
ОN9 – кәсіптік саладағы проблемалардың шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдау;
ОN10 – өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни және жүйелі ойлауын дамыту;
ОN12 – табиғат заңдылықтарын ұғынуға, қажетті дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырып, географиялық білімдерді күнделікті өмірде қолдана білуге икемділіктерін дамыту.6В01509-«География-Тарих мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелері:
ОN9 – кәсіптік саладағы проблемалардың шешімін және қорытындылардың тұжырым-дарын талдау;
ОN10 – өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни және жүйелі ойлауын дамыту;
ОN11 – ортақ мақсатқа жету үшін командада, көшбасшылықта креативтілік көрсете білу;
ОN12– әлемнің ғылыми көрінісін меңгеруде, кәсіби мәселелерді шешуде практикалық тәжірибе, дағдылар мен білім негізінде табысты әрекет ету, тарих және география сабақтарын ұйымдастыруда, жоспарлауда әдістемелік аспектілерін қамтамасыз ете білу.білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.
- негізгі және бейіндік мектептер;
- мамандандырылған мектептер;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады. -
- БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРЫ
- Пәндер презентациялар
- Қазақстан Археологиясы
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу