"Филология" кафедрасы сіздерді оқуға шақырады!

«Филология» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:

Бакалавриат бағдарламалары:

1. 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

2. 6В03201- "Кітапхана ісі"

Магистратура бағдарламасы:

7М01701 – Қазақ тілі және әдебиеті педагогтарын даярлау

Кафедра, негізінен, "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы бойынша педагог мамандар, ғылыми қызметкерлер, «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша кітапханашы қызметкерлерін даярлайды.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасына қарасты оқу аудиториялары қазақ тіл білімі және әдебиеттану бағыттары бойынша көрнекілік құралдар, интербелсенді тақта, заманауи жиһаздармен жабдықталған.

Кафедра профессор-оқытушылар құрамы қазіргі қазақ тіл білімі және әдебиеттану бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Біздің түлектер Қазақстанның түпкір-түпкірінде қызмет етіп келеді. "Қазақстан" телеарнасының "Жан жылуы" бағдарламасының продюссері және жүргізушісі Ақбаян Сапарбай, химия және биология бағыты бойынша Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрлан Есентаев, "Қазақ әдебиеті" газетінің меншікті тілшісі Аягүл Мантаева, "Astana tv" республикалық телеарнасының тілшісі Данияр Әсілбек Құрбанұлы, "Sanur tv" қоғамдық телеарнасының редакторы Сатуов Бекболат Шазиллаевич, "Sanur tv" қоғамдық телеарнасының тілшісі Құлша Аллаберген Дүйсенбайұлы т.б.

"Ұстаздан шәкірт озар" демекші, студенттер түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының студенттері Д.Ширинова, Ұ.Фатуллаева, М.Додожанова "Абай оқулары", "Бауыржан оқуларының" жүлдегерлері болса, Дүзел Марат, Нұрсейіт Әбжан "Сырдария" КТК-ның белсенді мүшелері ретінде әдебиет маусымының жеңімпаздары.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды даярлауда аянбай еңбек етуде.

Сілтемелер:

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/352279086168073/

https://www.instagram.com/p/CDive_TBIav/

https://youtu.be/aZMrWgK3nC4

 

Теги: