Тәшенев университетінің студенттері – Ташкентте!
- 1 view
Тәшенев университетінің білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ташкент қаласындағы Британдық Менеджмент университетінде екі апталық білім алмасу бағдарламасына қатысуда.
Бұл сапарда біздің "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының 6В06103 – Басқарушылық Ақпараттық Жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша оқитын ИЭФ-24-8а тобының студенттері де бар.
Студенттер тәжірибелі мамандар мен жоғары білікті профессорлардан білім алып, кәсіби даму бағытында мол тәжірибе жинақтауда.
Бағдарлама аясында түрлі мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылған. Студенттер:
• Ташкент қаласының көрікті жерлерін аралап, елдің мәдениетімен танысты,
• Шахмат турнирлеріне қатысып, зияткерлік бәсекеде бақ сынады,
• Интеллектуалды ойындарға белсене қатысып, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады,
• Арт-терапия сабақтарына қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытты,
• Ағылшын кино кештерінен ерекше әсер алды.
• Тағы да көптеген мазмұнды іс-шаралар жалғасуда
Бұл сапар студенттер үшін тек білім мен тәжірибе ғана емес, жаңа достықтар мен жарқын естеліктер сыйлаған маңызды кезеңге айналды. Бағдарлама әлі жалғасуда — қызықты күндер алда!