Отбасы–тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру» ашық сабақ
- 1 view
«Педагогика және бастауышта оқытудың әдістемесі» кафедрасының магистр, оқытушы Мирзакулова Айгерим Толебекқызы 15.04.2025ж. «Бастауыш білім педагогикасы» пәнінен «Отбасы –тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру» тақырыбында ПиК-23-5к-4,5,6 студенттерімен ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.Кафедра оқытушылары қатысып өз бағасын берді, кафедрада талқыланды.
Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің міңез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі.Қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар копаниясына, өндіріс ұйымына, т.б. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.
Отбасы-бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа және өзара жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі.
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар саныен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалр санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі-ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасырып отырады.Сабақ барысыңда студенттермен толық тақырыптар талқыланып, ой бөлістік, жақсы пікірлермен ой бөлістік, сабақты қорытындыладық.