"Дизайн және өнер" факультеті сіздерді оқуға шақырады!

Құрметті жас талапкер 

Сізді «Сырдария» университетінің студенті болуға шақырамыз!

Біздің басымдықтар:

      - «Сырдария»  университетінде әскери кафедра жұмыс жасайды, әскери кафедраны бітірген түлек лейтенант шенін алып шығады;

  • алтын белгі, республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарына және жетімдер мен мүгедектерге оқу төлемақысынан жеңілдіктер қарастырылған;
  • ішкі академиялық ұтқырлық аясында басқа ЖОО-да оқу мүмкіндігі;
  • сыртқы академиялық ұтқырлық аясында Ұлыбритания (Лондон),  Үндістан  (Дели), Грекия (Афина) ЖОО-да оқу мүмкіндігі;

     - 2020-2021 оқу жылында қаңтар, тамыз айларында өткен ҰБТ нәтижесі бойынша100 баллдан жоғары жинаған талапкерлер университет бөлген білім грантымен тегін оқуға қабылданады.

     «Сырдария» университеті профессор-оқытушылар құрамы Сіздердің сапалы білім алуларыңызға жағдай жасайды.


«Дизайн және өнер» факультеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:

  1. 6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау
  2. 6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
  3. 6В02101-"Дизайн"

Факультеттің құрамында 2 кафедра бар: «Музыкалық білім» және «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедралары. Ұжымда белгілі ғалымдар және тәжірибелі педагогтар қызмет атқарады. Ғылыми-педагогикалық қызметпен 31 профессор–оқытушы: оның ішінде 3 ғылым докторы; 14 ғылым кандидаты, 1 философия докторы (PhD), 4 ғылым магистрі, 6 аға оқытушы және 3 оқытушы айналысады.  Факультет бойынша ғылыми дәрежелі, атағы бар оқытушылардың үлесі 50% құрайды. 

Факультеттің материалдық-техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай.

Факультетке қарасты кабинеттердің барлығы дерлік тиісті әдістемелік оқулықтармен, көрнекі құралдар, аспаптар, және  жиhаздармен жабдықталған,  2 тігін шеберханасы, 1 шеберхана жұмыс істейді.

“Музыкалық білім” кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, мәдениет салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды және болашақ әнші-күйшілерді  даярлауда аянбай еңбек етіп келеді.  Кафедраның барлық оқытушылары шығармашылық жұмыстармен айналысады және әртүрлі деңгейдегі Республикалық, халықаралық, облыстық, фестивальдардың лауреаттары.

Факультетегі оқытушылары “Жетісай сазы” ұлт-аспаптар оркестрінің  мүшелері. Кафедра мүшелері факультет, университет, аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралардың барлығына белсене қатысып өз үлестерін қосып келуде.

Студенттердің шығармашылық жұмыспен айналысуына “Жетісай сазы” ұлт-аспаптар оркестрі, «Назерке» бишілер тобы үлкен мүмкіндіктер жасап, өз үлестерін қосып келуде. Факультеттің өнерлі студенттері оркестрдің, аталған бишілер тобының белді мүшелері болып табылады.

Сілтемелер:

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/341179117278070/

https://www.instagram.com/p/CDDvra6BZDq/

https://youtu.be/ikUBjmbPvw0