«Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күні
- 1 view
Бүгін 2024 жылы 20 қыркүйек күні Ж.А.Тәшенев университетінің «Тарих және география кафедрасының оқытушылары мен студенттері Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Түркістан облысы қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күніне қатысты. Шара барысында Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының архив басшысы Г.С.Шардарбекова жалпы архивтің тарихы туралы шолу дәріс өткізіп, қойма меңгерушісі Г.Амзеева бірқатар архив құжаттармен таныстырды, сондай-ақ келушілерге тарихи оқиғалар жайлы арнайы бейнеоролик көрсетілді.