«Мәңгілік жаса, қыран елім- Қазақстан!»
- 1 view
Бүгін қазанның 24 күні, сағат 11.00 - де Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві КММ-нің мекемесінде Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім- Қазақстан!» тақырыбында іс-шара болып өтті. Іс-шарада алғаш сөз алған мекеме басшысы Шардарбекова Гүлнара Сәдібекқызы - «Республика күні - тарихи әрі маңызды күндердің бірі, ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі, әр ұрпақ осы мерекені атап өту арқылы тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін еске алады, архив сол ата-бабаларымыздың өмірі мен қызметін дәлелдейтін құнды құжаттары сақталған арнаулы мекеме» дей отырып, іс-шара қонақтарын мерекемен құттықтады.
Аталмыш іс-шараға Ж.Ташенев атындағы университеттің тарих және география кафедрасының бір топ студенттері қатысып, белсенділік көрсетті. Кафедра оқытушысы Таубаев Сейтхан Сазаханұлы мерекемен құттықтай отырып, ел тарихына шолу жасап өтті. Іс-шара соңында қалалық «Шымкент концерт» ұйымынан арнайы шақыртылған өнер сазгерлері - Қалиев Қайырбек, Қосаманов Нұртуған қазақтың тарихи күйлерінен сыр шертті