"Мектепке дейінгі оқыту және психология" кафедрасы
- 1 view
Алимова Құндыз Шайыпқызы
Мектепке дейінгі оқыту және психология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторанты
► Өмірбаян
✆ Телефон: +7 702 677 0787
✉ E-mail: info@tashenev.edu.kz
- Кафедра мәліметі
-
2024-2025 оқу жылында «Бастауыш білім және өнер» факультеті «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультеті деп өзгертіліп, «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы бөлініп, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасы ашылды. Кафедраның меңгерушілік қызметін ғылым магистрі, аға оқытушы Алимова Құндыз Шайыпқызы басқаруда.
Кафедра ұжымы оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешенді тереңінен қайта қарастырып, өзгерістер енгізу жөнінде зор мағыналы жұмыстар атқаруда.
Бүгінде кафедра оқытушылары «Психология», «Инклюзивті білім беру» атты пәндерді түбегейлі қайта қарастырып, қазіргі қоғамдағы маңызды инклюзиялық және психологиялық мәселелерге аса мән беріп жаңа өзгерістер енгізді.
Кафедрада оқытушылардың біліктілігін Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарында жетілдіру мәселесі ұйымдастырылған. Кафедраның жас оқытушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру моделі» атты офлайн курстан білім алып, кәсіби біліктілігін арттырып отыр.
Кафедрада 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа кафедра PhD, доцент м.а. Оралбекова Алия Курбановна - «Инклюзивті білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Әлемді тану» компьютерлік білім беру бағдарламасын әзірлеу» – атты ғылыми жобасын ұсынды. Өтінім беру Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі сайты арқылы Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесіне https://is.ncste.kz сілтеме арқылы жүзеге асырылып, сайтта АР22783568 госномермен тіркелді.
Кафедраның жетекші мамандары жас мамандардың педагогикалық және ғылыми-зерттеу салалары бойынша тәлімгерлері болып табылады. Тәжірибелі тәлімгерлер, лекторлар мен ғалымдардың жетекшілігі мен түрлі бағыттағы оқу-әдістемелік әдебиеттер шығарылады. Олар: мультимедиялық материалдар, практикалық, лекциялық әдістемелер және әртүрлі оқу құралдары.
Мамандығымыздың түлектері мектептерде, бала-бақшаларда және балаларға арналған түрлі білім беру мекемелерінде, коррекциялық-оңалту орталықтарында жұмыс жасай алады. Олар сондай-ақ университет пен мектеп, бала бақшасында оқыту саласында ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады, мектеп оқушыларына, мектепке дейінгі бала-бақшаларға, оңалту орталықтарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар әзірлей алады.
Бұл білім беру бағдарламаларының басқа білім беру бағдарламаларынан ерекшелігі білім алушылардың мектепке дейінгі білім беру үдерісімен және балалардың дамуымен, қоғамның қазіргі замандағы даму кезінде әрбір адам психологияның, педагогиканың теориялық негіздерін білуі, адамдармен жұмыс жасау дағдылары мен іскерліктерін игеру, психолого-педагогикалық диагностикалау мен коррекциялау жұмыстарын жүргізе білуі керектігіне байланысты мамандық. Себебі адамның әрбір іс-әрекеті тек қана адам өмірінің объектівтік жағдайларынан ғана емес, сонымен қатар олардың өмірдегі субъектівтік сәттерінен де заңдылықпен байланысты. Психолог тіршіліктің субъективті және объектівті жағдайларының өзара әрекеттестігінің шынайы ғылыми негіздерін көрсетеді, тұлға аралық қарым-қатынасқа әсер етеді.
Жаңа ғасыр білім беру саласында жаңа бағыттар ашады, сондықтанда әрбір ізденушіні біздің кафедрамыздың білім алу студенттерінің қатарында көруге әрқашанда қуаныштымыз. - Профессор оқытушы құрамы
-
Кафедрада 16 штаттық бірлікте 18 профессор-оқытушылар құрамы жұмыс жасайды:
№ Аты-жөні Ғылыми / академмиялық дәрежесі, ғылыми атағы Қызметі
1 Алимова Кундуз Шайыповна аға оқытушы кафедра меңгерушісі
2 Абдигапбарова Улжаркын Муслимовна п.ғ.д. профессор
3 Сейдина Молдир Зикировна PhD профессор
4 Биссенбаева Жанат Николаевна PhD ассоц.профессор
5 Оралбекова Алия Курбановна PhD доцент м.а.
6 Абдуллаева Жазира Дайрабаевна PhD аға оқытушы
7 Халикова Роза Орынбасарқызы магистр аға оқытушы
8 Мамбеталиева Айгерим Кудайбергеновна магистр аға оқытушы
9 Аяпова Бакыт Алишеровна магистр аға оқытушы
10 Архабаева Алтынай Кайратовна магистр аға оқытушы
11 Исмайлова Ақерке Ережепқызы магистр оқытушы
12 Жапсар Арайлым Асқарбекқызы магистр оқытушы
13 Амандикова Гулазия Ілесбекқызы магистр оқытушы
14 Кәрібай Күлайхан Жанболатқызы магистр оқытушы
Қоса атқарушылар1 Атаева Жадыра Мухановна магистр аға оқытушы
2 Оспанова Жанерке Сакеновна магистр оқытушы
3 Жайдакбаева Кулшат Куандыковна магистр аға оқытушы
4 Бастыкова Азиза Сандибаевна магистр аға оқытушы
Профессор-оқытушылар озық педагогикалық тәжірибелерді қолданып, педагогикалық эксперименттер өткізіп оның нәтижелерін оқу процесіне енгізуде және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен үздіксіз айналысады. Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалары мен оқу-әдістемелік материалдарын ғылыми басылым беттерінде жүйелі түрде жариялап келді.
- Білім беру бағдарламалары
-
Кафедра оқытушыларының базалық білімдері білім беру бағдарламаларына сәйкес.
Кафедрада төмендегідей білім беру бағдарламаларын дайындайды:
6В01201-“Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”;
6В01101- «Педагогика және психология»;
6В01101- «ІР Психология»;
7М01101- «Педагогика және психология».
Білім беру бағдарламалары магистратура «7М01101-Педагогика және психология», күндізігі оқу түрінен 2 жыл мерзімімен, бакалавр - «6В01101-Педагогика және психология», «6В01103-ІР Психология», «6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» бойынша күндізігі оқу түрінен 4 жыл, қысқартылған оқутүріне 3 жыл, жеделдетілген оқутүріне 2 жыл оқу мерзімімен білімгерлер қабылдайды.
- Пәндер презентациялар
-
- «Қазақ музыка тарихы» пәні. Пән оқытушысы:Аяпова Б.А.
- "Мектептептегі оқытудың әдіс-тәсілдері"пәні. Пән оқытушысы: Анапьяева С. А.
- Кәсіби кеңес беру психологиясы. Атаева Ж.М.
- "Мектепке дейінгі балаларды отбасында дамыту және тәрбиелеу" пәні. Пән оқытушысы: Архабаева А.Қ.
- Мектептану. Архабаева А.К
- Психотерапия. Атаева Ж.М.
- Этнопедагогика. Аяпова Б. А.
- Креативті тәрбие. Аяпова Б. А.
- «БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІ. Пән оқытушысы: Аяпова Б.А.
- «Мектепке дейінгі балалардың математикалық білімі» ПӘНІ. Пән оқытушысы: Аяпова Б.А.
- «Нейропедагогика» пәні. Пән оқытушысы: Аяпова Б.А.
- «Сурдопедагогика, Тифлопедагогика» пәні. Пән оқытушысы: Аяпова Б.А.
- «Үй жағдайында балаларды мектепте оқуға дайындау» пәні. Пән оқытушысы: Аяпова Б.А.
- Педагогикалык зерттеулердін әдіснамасы мен әдістері. Пән оқытушысы: Аяпова Б.А.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу