Алимова Құндыз Шайыпқызы

Алимова Құндыз Шайыпқызы – 1987 жылы 9 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Атамекен елді мекенінде дүниеге келген. 2004 жылы №23 Жібек жолы орта мектебін үздік аяқтап, осы аталған жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «050102-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына түсіп, 2008 жылы «үздік» аяқтады. Осы аталған 2008 жылы аталған жоғары оқу орнына «6М010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына магистратураға түсіп, 2010 жылы аяқтады. 2011 жылы алғаш қызмет жолын Шымкент қаласындағы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық униститутының «Гуманитарлық пәндер» кафедрасына магистр оқытушы қызметін атқарды. 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасында» аға оқытушы қызметін атқарды.

Сонымен қатар қызмет жолында: 
- 30.11.-10.12.2009ж. Мәскеу қаласы, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті;
- 12.08.-03.11.2013ж. Алматы қаласы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері;
- 17-27.11.2014ж. Алматы қаласы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (Эксперттік базалық деңгей үшін);
- 22-30.08.2016ж. Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, "Ұжымдағы кикілжіңнің түрлері, оның пайда болу себептері мен шешу жолдары";
- 01.02-15.02.2017ж. Шымкент қаласы, International center of innovations education "Protecta", "Inclusive Education in mass preschool and school educational institutions";
- 22.04.-03.05.2019ж. «Назарбева зияткерлік  мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады, «Назарбева зияткерлік  мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы;
- 18.12-29.12.2023ж. «Астана жобалары» халықаралық және республикалық жобаларды ұйымдастыру орталығында өткен «Педагогика және тәрбие жұмысының әдісетемісі» және «Психология» пәні бойынша біліктілігін артыру курсынан өткен.
Сонымен қатар қазіргі таңда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 8D013 – «Пәндік  мамандандырылмаған педагогтарды даярлау мамандығының 3-курс PhD докторанты.  2024 жылдың 18.03-18.04  аралығында шетелдік ғылыми тағылымдамасын Түркия Республикасы, Кипр аралындағы, Никосия қаласында «Таяу Шығыс» университетінде өтіп, халықаралық сертификатқа ие болды. Атап айтарлықтай ҚР БҒМ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінде 2023-2024 оқу жылында 2 мақала жариялаған. 
Қазіргі таңда Ж.А.Ташенев атындағы «Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедрасының аға оқытушы қызметін атқарады. Аяулы ана, сүйікті жар Алимова Құндыз 3 баланы тәрбиелеп отырған ана.