ХАБАРЛАНДЫРУ

2024 жылдың 12 қыркүйегінде Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетте "Силлабусты әзірлеу: силлабустың сапасынан оқыту сапасына" тақырыбында әдістемелік семинар өтіледі. Шақырылған лектор -М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті оқу-әдістемелік орталығының басшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Хамитова Барно Махаматқызы. 
Семинарға университеттің барлық профессор-оқытушылар құрамы шақырылады.

     
Күні мен уақыты: 12.09.2024 ж., сағат 15-00
Өтілетін орны: Алтын Орда ғимараты , 414А дәрісхана