Абзал істің бірі – адал азамат тәрбиелеу

Ontustik Qazaqstan

Сілтеме: https://okg.kz/post?id=36474&slug=abzal-istin-biri-adal-azamat-tarbieleu

Қазақстан өзгелерден көп этносты мемлекет ретінде ерекшеленеді. Шынында бүгінде әлемде 256 ұлт бар. Соның 150-ден астамы қазақ даласында тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Еліміздегі барлық этнос өкілдері ұрпақ тәрбиесіне, татулыққа атсалысады. 


Осы жылы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Ұлы Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі – бос» деген сөзі әлі де өзекті болып тұр. Мен зиялы қауым өкілдерінің бір-біріне әрдайым тілектес болғанын қалаймын. Өзара жанашыр болу, түптеп келгенде, елге жанашыр болу деген сөз» деп жастардың тәрбиесіне баса назар аудару қажет екенін ескерткен болатын. 
Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында да сала мамандарына рухы биік, парасатты, адал азаматтарды тәрбиелеп шығару жауапкершілігін жүктеді. Сондықтан бізге студенттеріміздің бойына «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұстанымын сіңіре білу міндет.  
Әл-Фараби бабамыз тәрбиені білімнің алдына қойған болса, дана халқымыз «Тәрбие – тал- бесіктен» деп түйген. Ал, хакім Абай халқына «Толық адам» концепциясын ұсынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жастарды тура жолдан адастырып жатқан «5 кеселді» атады. Абай атамыз айтқан бес дұшпан бүгінде бес кеселге айналып, кейбір жастарымызды аздырып отырғаны жанымызға батады. Бүгінгі жастарымыздың бойларын осы рухани дерттерден аулақ ұстауларына қоғам болып атсалысуымыз керек. Қазіргі жаһандану жағдайында ұлт ретінде елдігімізді сақтап қалу үшін де мұның маңызы зор. 

Ғалымжан БИТҰРСЫН,
Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің проректоры.

 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары