Сапарбаева Ақбаян
- 1 view
Адам өмірінде екі маңызды таңдау жасайды ғой. Бірі жол таңдауы, яғни мамандық, бірі жар таңдауы. Мен осының алғашқысын ерте таптым. Олай дейтінім - ес білгелі теледидардан сөйлеуге ынтықтым. Жаңалықтар жүргізіп отырған қыз-келіншектердің аузына үңілгенде айналамда не болып жатқанын аңғармай қалатыным есімде.
Шынымды айтсам, мектепті бітіргенше асықтым. Мақсатым, бағытым, арманым - журналистика факультеті еді. Бірақ, сол 2000-2001 жылдары біздің отбасымызды қаржы тапшылығы қыспаққа алып тұрған. Алысқа оқуға жіберуге әке-шешемнің жағдай болмады. Оның үстіне жаңа мектеп бітірген жалғыз қыздарын көзден таса қылғысы келмеді. Сөйтіп, Жетісайдағы жалғыз жоғарғы оқу орны "Сырдарияға" құжат тапсырдық. Қазіргідей емес, ол кезде "Сырдария" да жас еді.
Ғимараттары енді ғана бой көтеріп жатқан, студенттері де көп емес. Бірақ, менің оқуға, журналистикаға деген ынтызарлығым бәрінен биік тұрды. Төрт жыл білім алдық. Үйден кіріп, үйден шықтық.
Мақтаралда оқыдық дегеніміз болмаса, көбіне облыс орталығы Шымкентте белді басылымдардан, Алматы қаласындағы "31" телеарнасының "Информбюро" жаңалықтар бөлімінен тәжірибе алдық. Алматы қаласында өтіп тұратын КВН (көңілді тапқырлар клубының) ойнына қатысып, өнер көрсетіп жүрдік. Соңғы курстарда аудандық басылымдарға мақалалар жазып, жарияланып жатты.
Жалпы, жан-жақты білім алумен қатар қоғамдық жұмыстарға да атсалыстық. Шындығына келгенде біздің ерте пісіп жетілуімізге, өз арманымызға қол жеткізуімізге шалғайда жатқан осы оқу ордасының ықпалы көп болды.
Өйткені, тыңғылықты білім алу үшін бәрі жанымыздан табылып тұрды. Қазір республикалық ұлттық телеарна эфирінің тізгінін ұстаған сәтте сол бір студенттік кездегі шөліркеген, арманға ұмтылған жастық жалын еске орала береді.
Бүгінде жұмыс бабымен еліміздің түкпір-түкпірінде іс-сапармен жүреміз. Қарап отырсақ, "Сырдария" университеті шалғайда жатса да алпауыт қалалардағы ешбір білім ордасынан кем емес екен. Әрбір ата-ана бұғанасы қатпаған перзентін оң-солын танығанша жанынан алыстатпауға, білімін қадағалап отыруға тырысады.
Осы бағытта алып қарағанда халық көп шоғырланған аймаққа "Сырдария" үлкен қызмет көрсетіп тұр.
Талай мықты ұстаздарды, өзім секілді шығармашылық адамдарын тәрбиелеп, білім беріп, шекпенінен шығарып қанат қақтырған "Сырдария" университетінің басшылығына, профессор-оқытушыларына, жалпы ұжымына айтар алғысым шексіз. Елге қызмет ете беріңіздер!
Шәкірттеріңізбен мақана беріңіздер! Біз сенімен мақтанамыз "Сырдария"!
Ақбаян САПАРБАЕВА,
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы, бағдарламалар өндірісі шығармашылық бірлестігінің продюсері, тележүргізуші
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет