Әбжанов Әділхан Досыбайұлы

Әбжанов Әділхан Досыбайұлы 1959 жылы Арыс қаласында дүниеге келгенмін.

1979 - 1984 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында бухгалтерлік мамандығын бітірдім. Одан соң, бүгінгі дейін Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше аудандарында халық шаруашылығы саласында түрлі жұмыстар атқардым. 2009-2010 жылдары "Сырдария" университетінің құқықтану мамандығы бойынша екінші жоғары білім алдым.

2009 жылдан желтоқсан айынан бастап Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін. "Сырдария" университетінде сырттай оқып жүрген кезде профессор – оқытушылардың, үлкен ғалымдар - ғылым кандидаттары, ғылым докторларынан дәріс алдым. Сондай – ақ университеттің материалдық – техникалық базасы да өте жақсы заман талабына сай жабдықталған.

Мен, аудан әкімшілігінде жұмыс атқарғандықтан университеттің білікті профессор- оқытушыларымен, оның басшыларымен кездесіп отырдым, түрлі іс – шараларды бірігіп атқарамыз. Және де онда оқитын студенттермен де жиі кездесіп отырамыз.

"Сырдария" университеті, менің ойымша келешегі бар, Қазақстандағы іргелі жоғары оқу орындарымен қатарлас оқу орны болатындығына сенімім мол.

Бүгінде "Сырдария" университетінің студенттері ауданымызда болып жатқан мәдени іс – шараларға, түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Әрбір студент Жетісай қаласының гүлденіп көркеюіне өз үлестерін қосуда. Сондай-ақ ауданымыздағы ғылым білімнің дамуына өнердің гүлденуіне жалпы мәдениеттің өркендеуіне жан-жақты өз үлестерін қосуда.

Жалпы, "Сырдария" университетінің болашағы жарқын, асар асуы биік, мақсаты айқын екендігіне толық сенемін.

Бітіру жылы

Оқиға категориялары